Бабалар аманаты

Әдебиет және өнер мұражайында өткен облыстық филармонияның әншісі  Сәрсенбай Хасеновтің «Бабалар аманаты» атты қайырымдылық концерті Қазақ хандығының 550 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналды.

Әнсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүрген Сәрсенбай Хасенов концерттік бағдарламаны жыраулар поэзиясының басында тұрған қарға бойлы Қазтуған жыраудың толғауымен бастады. Үш бөлімнен құрылған бағдарлама аясында Үмбетей, Ақтамберді секілді жыраулардың толғаулары мен берідегі Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Нұркей ақындардың шығармаларын нақышына келтіріп орындағанда тыңдарман қауым бір серпіліп қалды. Үшінші бөлім толайым Ұлы Жеңіске арналды. Бұл ретте, жерлесіміз Рамазан Елебаевтың «Жас қазақ» әні алғашқы кезекте орындалды.
–Қан майданда жаумен алысқан бабаларымыздың ерлігін жырлап, аруақтарын бір риза етсек, перзенттік борышымыздың орындалғаны ғой, –деп атап өтті өз сөзінде кеш авторы.
Дәстүрлі әншімен бірге оның туған қарындасы Сымбат Хасенова да сахнада өнер көрсетіп, композитор Н. Тілендиевтің «Саржайлау», С.Бәйтерековтің «Әлия» атты әндерін орындап, кеш шырайын аша түсті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар