Мемлекеттік рәміздер: конституциялық құқықтар мен жауапкершілік

Мемлекеттік рәміздерді өз еркімен пайдалануға қатысты кейде мынандай сұрақтар туындап жатады:
Мемлекеттік ту мен Елтаңбаны жеке адамдар тұратын үйдің терезесінен шығарып немесе балконына, шатырына орнатуға бола ма?
Мемлекеттік ту мен Елтаңбаны жеке адамдардың көлік құралдарына орналастыруға рұқсат етіле ме?
Мемлекеттік рәміздердің суретін спорттық киімдерде, басқа да бұйымдарда немесе материалдық нысандарда қолдануға бола ма?
Әнұранды бейнеклиптерді монтаждау барысында Әнұранның аудиожазбасын пайдалануға бола ма?
Бұл орайда, заңдылыққа соңғы кездегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, ҚР Мемлекеттік Туын қолдану аясы біршама кеңейтілгенін айтуға болады.
ҚР Мемлекеттік Туы жеке адамдардың еркі бойынша ғимараттарда орнатылып, көтерілуіне рұқсат етіледі. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар көпшілік шараларда және ерікті түрде өзінің патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірлік, ел жетістіктерін айшықтау мақсатында пайдалануы-на болады.
Бірақ, газет оқырмандарының назарын Мемлекеттік Туды пайдалануда бірқатар шектеулердің барлығына аударғым келеді: Мемлекеттік Ту оның көлеміне қарамастан ұлттық стандарттарға сәйкес болуы керек; оның кескінін қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар туының бейнесі ретінде пайдалануға тиым салынады.
Ең бастысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын кемсіту, қорлау нысаны ретінде қолдануға қатаң тиым салынады. Заңдылық бұған жол бермеу үшін және ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бір жұмыс күні ішінде ауыстыруды талап етеді.

1993 жылы еліміздің негізгі заңы – Конституцияның қабылдануы уақыттың ұтқыр талаптарынан туындаған еді. Жоғары заңдық қуаттағы осынау айрықша нормативтік-құқықтық акт кешегі өткеніміз бен болашақ құндылықтарымыздың алтын арқауы саналады.
Үнемі қозғалыстағы саяси жүйені реформалау 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдумда қабылданған екінші Конституцияның өмірге келуіне жол ашты.
Жаңартылған Конституция мемлекеттік дизайнның негізгі құқықтық ұстанымдарын қалыптастырып, мемлекеттік басқарудағы тұрақтылық пен тиімділік кепілі болды. Конс-титуция болашақ құндылықтарымыздың ондаған жылдық бағытын нықтап, мемлекеттің нығаюына жаңа екпін қосты және осы арқылы әрбір азаматтың, тұтас қоғамның еркін дамуына деген сенімділікті қамтамасыз етті.
Әйткенмен, Қазақстан Республикасының Негізгі заңына сәйкес, біздің құқықтарымыз жауапкершілік қағидаттарымен тығыз байланысты екендігін есте ұстау қажет. Құқықтар мен жауапкершілік байланысы – құқықтық қана емес, сондай-ақ, адамды қайырымдылық пен еркіндікке бастайтын моральдық категория.
Осындай талаптардың бірі, Конституцияның 34-бабында атап көрсетілгеніндей, әркімнің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрмет жауапкершілігі болып табылады. Мемлекет пен оның институттарының қалыпты қызметін, сондай-ақ, әлеуметтік процестерді тиімді басқару және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2003 жылы республикалық және облыстық деңгейде мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия-лар құрылды. Оның жұмысшы органы болып облыстық ішкі саясат басқармалары бекітілді.
Өңір басшысының төрағалығымен 15 жыл бойы белсенді қызмет атқарып келе жатқан комиссияның бүгінгі жұмыс қорытындысы конституциялық нормадағы мемлекеттік рәміздерге қатысты талаптардың ойдағыдай орындалып келе жатқандығын білдіреді.
Бұған 2017 жылдың сәуіріндегі республикалық тексерістің нәтижесі дәлел бола алады. Тексерістің қорытынды анықтамасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына ұсынылып, республикалық комиссияның мәжілісінде ең жоғары бағасын алды. Бірақ, бұл қызмет өрісін босаңсытуға негіз болмайды.
Аталған саладағы жұмыс тәсілдерін жетілдіру мақсатында және облыс өңірлерінде мемлекеттік рәміздердің орналастырылу жайын байқау үшін биыл облыстық комиссия мүшелері Степногорск қаласында, Атбасар, Жақсы, Есіл, Қорғалжын, Целиноград аудандарында инспекциялық тексеріс өткізді. Бөлектеп айтарымыз, тексеріс барысында мемлекеттік рәміздерді орналастыру, бұған қатысты рухани шараларды ұйымдастыруға байланыс-ты айтақаларлықтай қателіктер тіркелген жоқ. Әйткенмен, флагштоктардың, басқа да жабдықтардың мемлекеттік стандартқа сай дайындалмағанына орай ескертпелер болды. Бұл арнайы лицензияға ие өндіруші кәсіпорындардың кемшілігі екендігі атап көрсетілді. Сондықтан, республикалық комиссияның үстіміздегі жылғы маусым айындағы шешімімен мұндай құндылықтарды дайындауға мемлекеттік монополия енгізілетіндігін қолдаймыз.
Біздің басқарма «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңның 12-бабындағы талаптарға сәйкес, мемлекеттік рәміздердің орнатылуы мен қолданылуына бақылау жасап қана қоймай, кең ауқымды түсінік жұмыстарын жүргізуді де басты міндет санайды.
Заңдылықтың осынау маңызды саласына ауық-ауық өзгерістер мен түзетулер енгізіліп тұратындықтан, басқарма көшпелі семинарлар, лекциялық курстар ұйымдастырып, оның жұмысына тақырыптық лоттар арқылы үкіметтік емес ұйымдардың, азамат қоғам институттары мен ақпараттық каналдардың әлеуетін пайдаланудамыз.
Осы орайда, өңірлік ақпарат таратушылардың бірі ретіндегі облыстық газеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңның негізгі талаптарына тағы да тоқтала кетсем деймін.
Конституциялық Заң төмендегідей міндеттерді талап етеді:
Біріншіден, мемлекеттік рәміздер мемлекеттік органдардың кіре берісі мен бірінші басшылардың кабинеттерінде ілінеді, сондай-ақ, олардың интернеттегі веб-сайттарында орналастырылады. Бұл ретте, рәміздерді заңсыз пайдаланған жағдайда немесе пайдаланбаған кезде мемлекеттік мекемелердің басшыларына екі жүз айлық есеп мөлшерінде айыппұл салынатындығын есте сақтау қажет. Өйткені, айыппұл лауазымды тұлғаларға салынады.
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарамау қылмыс болып саналады және бұған жол берген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылған кісіге екі мың айлық есеп мөлшерінде айыппұл салынады немесе екі жылға дейінгі мерзімге бостандығы шектеледі.
Мемлекеттік рәміздерді өз еркімен пайдалануға қатысты мәселеге арнайы тоқталған жөн. Көп ретте, төмендегідей сұрақтар туындап жатады:
– Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны жеке адамдар тұратын үйдің терезесінен шығарып немесе балконына, шатырына орнатуға бола ма?
– Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны жеке адамдардың көлік құралдарына орналастыруға рұқсат етіле ме?
– Мемлекеттік рәміздердің суретін спорттық киімдерде, басқа да бұйымдарда немесе материалдық нысандарда қолдануға болады ма?
– Әнұранды бейнеклиптерді монтаждау барысында Әнұранның аудиожазбасын пайдалануға болады ма?
Бұл орайда, заңдылыққа соңғы кездегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, ҚР Мемлекеттік Туын қолдану аясы біршама кеңейтілгенін айтуға болады.
ҚР Мемлекеттік Туы жеке адамдардың еркі бойынша ғимараттарда орнатылып, көтерілуіне рұқсат етіледі. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар көпшілік шараларда және ерікті түрде өзінің патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірлік, ел жетістіктерін айшықтау мақсатында пайдалануына болады.
Бірақ, газет оқырмандарының назарын Мемлекеттік Туды пайдалануда бірқатар шектеулердің барлығына аударғым келеді: Мемлекеттік Ту оның көлеміне қарамастан ұлттық стандарттарға сәйкес болуы керек; оның кескінін қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар туының бейнесі ретінде пайдалануға тиым салынады.
Ең бастысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын кемсіту, қорлау нысаны ретінде қолдануға қатаң тиым салынады. Заңдылық бұған жол бермеу үшін және ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бір жұмыс күні ішінде ауыстыруды талап етеді.
Сіздер «бұл қандай жағдайда жүзеге асырылады?» деп сұрауларыңыз мүмкін. Жауап берейін: Талап тұрғысына келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметр көлемінде ұсақтау, ұнтақтау, тағы басқа тәсілдермен жойылады.
Сонымен бірге, заңдылық Мемлекеттік Туды сурет салу, фотосуретке түсіру және басқа жағдайларда шексіз пайдалану мүмкіндігін береді. Яғни, спорттық және күнделікті киімде, басқа да бұйымдарда суретін пайдалануға болады. Автокөлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерінде Мемлекеттік Тудың көрініс табуы сондықтан.
Ал, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасын жекеменшікті ғимараттарда пайдалану Заңда қарастырылмаған. Бірақ, оның кескіндемесіне қатысты мұндай мүмкіндік сақталады. Елтаңбаның кескіндемесін Мемлекеттік Ту сияқты еркін пайдалануға болады. Бірақ, оның кескіндемесін түбіртіктерде (бланка), мөрлерде, мемлекеттік емес құрылымдардың реквизиттері мен гералдикасында қолдануға тиым салынады.
Мемлекеттік рәміздердің жиырма бес жылдық тарихына қарамастан, ҚР Мемлекеттік Әнұранына қатысты сұрақтар әлі де баршылық.
Осынау үндік символдың орындалу тәртібі Заңмен айқындалған. Әнұран Қазақстан Республикасының Президенті ант қабылдағаннан кейін лауазымдық қызметіне кіріскен кезде; Қазақстан Республикасы Парламенті сессияларының ашылу және жабылу сәтінде, салтанатты жиналыстар мен мәжілістердің ашылуында, Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелерінде орындалады.
Әнұран Қазақстан Республикасы халқының маңызды тарихи оқиғалары – ескерткіштердің, монументтердің және басқа құрылыс нышандарының ашылуы кезінде де орындалады.
Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны мен Мемлекеттік Туы салтанатты мерекелер мен спорттық жарыстардың марапаттау рәсімінде, оқу жылының басталуы мен аяқталуына арналған салтанаттарда міндетті түрде орындалып, көтеріледі. Әнұранды қатардағы шараларда – «дөңгелек үстелдерде», конференцияларда, кездесулерде, пікір алмасу алаңдарында, тағы басқа жағдайларда орындау заңдылыққа жатпайды. Бұл орайда, Мемлекеттік Әнұранның ресми мәтіні тек мемлекеттік тілде ғана бекітілген, сондықтан, оны басқа тілдерге (соның ішінде орысшаға) аудару ресми болып табылмайды және оны ресми мемлекеттік стенділерге, басқа да шараларда орналастыруға болмайды.
Сонымен бірге, Әнұранды орындаушылар оны түрегеліп және оң қолын жүрек тұсына қойып орындамаса немесе орнынан тұрып тыңдамаса, бұл этикалық тұрғыдан кемшілік болып саналады, бірақ әкімшілік жауапкершілік жүктелмейді.
Дәл осы этикалық нормалардан, өз еліңе мақтаныш, туған еліңе, оның табиғатына, дәстүрлеріне сүйіспеншілік сезімдерінен азаматтық қасиеттер мен өз Отаныңның патриоты деген ізгі қасиеттер қалыптасады.
Өздеріңізге белгілі, «5 институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарында және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақстан қоғамында патриоттық бастамаларды одан әрі дамытуға айрықша маңыз артылды. «Туған жер», «Туған ел», «Рухани жаңғыру» сияқты мемлекеттік маңыздағы бағдарламалар да осынау міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Ал, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бүгінгі күні Қазақстанды жаңа белеске шығарудағы жалпыхалықтық белсенді жоба болып табылады.
Қазақстан азаматтарының патриоттық ұстанымдар тәжірибесін ұштай отырып, олардың бойында ізгілік сезімдерін орнықтыру біздің жалпы міндетіміз саналады. Өзінің Отанын сүйетін, өзінің құқықтарын мойындай отырып өзгелердің құқықтарын да құрметтей білетін, Отан абырой жолында барын салатын патриоттар ғана патриоттарды тәрбиелей алады.
Біз конституциялық құрылымның тұрақтылығы және жүргізіліп жатқан саясаттың сабақтастығы біздің еліміздің табыстары мен болашағының кепілі екендігін үнемі есте ұстауымыз керек. Конституция мемлекетіміздің Негізгі Заңы ретінде – еліміздің табыстары мен болашағының кепілі. Сондықтан, Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңба сияқты Негізгі Заңымызға құрмет – баршамыздың ортақ азаматтық парызымыз.

Гүлжанар ШӨКЕЕВА,
Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *