Театр үздіктері марапатталды

 Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында халықаралық театр күніне арналған салтанатты жиын өтіп, «Дарабоз – 2015» театр сыйлығымен театр үздіктері марапатталды.

  Салтанатты шараны Қазақстан Республикасының халық әртісі Жібек Бағысова ашып, өнермен өрілген өмір жайлы өлең оқыды. Ал, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева өнерпаздарды төл мерекелерімен құттықтап, облыс әкімінің құттықтау хатын табыс етті. Сондай-ақ, ол жыл сайын берілетін бірінші тәуелсіз «Дарабоз –2015» театр сыйлығымен «Ең үздік театр қызметкері» аталымы бойынша билет тарату менеджері Кеңшілік Жүзбаеваны марапаттады. Мерекелік шарада театр гримері Айна Баймұратова «Ең үздік шығармашылық қызметкері», Мәржан Бөкешова мен Ерқанат Сәбитов «Ең үздік актриса», «Ең үздік актер», дыбыс операторы Медет Мұхамедин «Театрға қосқан үлесі үшін» аталымдары бойынша үздіктер қатарынан орын алды. Тағы бір айта кетерлігі, Жібек Бағысова атындағы арнайы сыйлықпен театр әртісі Гүлмира Жакилина,  Мұратбек Оспанов атындағы сыйлықпен Бағлан Иманғазинов марапатталды. Сондай-ақ, Жақып Омаров атындағы сыйлыққа театр әртісі Төлеубек Көңбай ие болды.
Киелі сахна төрінде «Көкшетау», «Достар» мәдениет сарайының өнерпаздары би билеп, әннен шашу шашса, театр әртістері де өз өнерлерін ортаға салды. Ал, құшақтары гүлге, көңілдері нұрға толған өнер ұжымы шырайлы шаттықтың шуағын сезінді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар