Сырдария хокимиятымен келісім жасалды

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин өңірге жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев бастаған туысқан ел делегациясын қабылдап, екіжақты ынтымақтастық, сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.

Жылы шырайлы өткен кездесу барысында екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік сектор мен сауда-экономикалық мүмкіндіктері кеңінен сөз болды. Ақмола мен Өзбекстан Республикасының Сырдария облыстары арасында қол қойылған меморандумды жүзеге асыру жолдары талқыланды. Соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасында сауда-экономикалық байланыс нығайып келеді. 2018 жылдың қаңтар-мамыр айында Ақмола облысы мен Өзбекстан Республикасы арасында сауда айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4 пайызға артқан. Екі облыс арасындағы тікелей байланыс әлеуметтік маңызы зор тауарларды делдалсыз жеткізуге мүмкіндік береді.
Екіжақты сауда-экономикалық қатынас шеңберінде ақмолалық делегация осыған дейін Өзбекстан Республикасының Сырдария өңірінде болған еді. Енді өзбекстандықтар Ақмола облысына жұмыс сапарымен келіп отыр. Кездесуден соң өзбекстандық делегация «Көкшетау» мәдениет сарайында ұйымдастырылған Сырдария облысының өнеркәсіп және азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесін аралап көрді.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың қараша айында Ақмола облыстық әкімдігі мен Сырдария облысының хокимияты арасында сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық саласындағы өзара əріптестік туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар