Тиісті шаралар қарастырылуда

Облыс әкімі Сергей Кулагин көктемгі су тасқынының алдын алу жөнінде кеңес өткізді.

Кеңеске осы мәселеге қатысты ведомстволар мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Сәуірдің бірінші онкүндігінде ауа райы 10 градусқа дейін жылынады деп күтілуде. Осыған байланысты өңір басшысы барлық жауапты тұлғаларға бүгінгі күннен бастап автомобиль және теміржолдар, бөгендер мен көпірлер сияқты қауіпті учаскелерді көктемгі су тасқынына жол бермеу үшін мұқият тексеріп, бақылауға алуды тапсырды.
Сондай-ақ, Вячеслав, Шағалалы және Сілеті су қоймаларындағы жағдай да ұдайы назарда болуы керек. Бұл үшін тиісті қызметтер үйлесімді іс-қимыл танытулары қажет.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар