Түрлі желеумен ақша жинауға жол берілмесін

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың төрағалығымен орта білім беру ұйымдарында жемқорлықпен күресу мәселелері бойынша онлайн режимде мәжіліс өтті.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде өткен шараға облыстық білім басқармасы, Көкшетау қалалық білім бөлімінің өкілдері, облыс орталығындағы орта мектептердің директорлары және қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаевтың айтуынша, жаңа оқу жылы басталғалы бері мектептерде ата-аналардан ақша жинауға қатысты арыз-шағымдар көптеп түсуде. Осыған байланысты агенттік пен министрлік нақты ұсыныстарды әзірлеп отыр.
– Біз мектеп басшылары мен жергілікті билікке бір апта беріп отырмыз. Осы уақыттың ішінде олар өз бюджеттерін ашық көрсетуге міндетті. Бүгінде кейбір мектептер өз бюджеттерін жариялады. Осы тәжірибені барлығына таратуымыз қажет. Ата-аналар мектептің нөмірі мен атауын енгізіп, ғаламтор арқылы өз мектебінің бюджетін көріп отыруы тиіс. Соның бәрін ашық жариялау қажет, – деді Данияр Сабырбаев.
Сонымен қатар, жиында мектеп директорларына сан алуан тестілер үшін оқушылардан ақша жинауды доғару туралы ескерту айтылды. Мәжіліс соңында мектеп басшылары баяндамашыларға көкейдегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар