Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Достықтың, бейбітшілік пен түсіністіктің мерекесі әрқайсымыз үшін ерекше қымбат. Өйткені, біздің еліміздің табыстары мен жетістіктері көпұлтты халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің арқасында жүзеге асуда.
Бүгінгі Қазақстан – жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктер елі. Біз еліміздің үшінші жаңғыру белесіне кірістік. Бұл орасан зор экономикалық өрлеуге бағытталған және төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында кең ауқымды инновациялық бағдарламаларды нақты іске асыру қадамы болып табылады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясында сөйлеген сөзінде барлық этнос өкілдерінің Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асырудағы жауапкершілігін айрықша атап өтті.
Жасампаздық рухтағы ақмолалықтар тәуелсіз Қазақстанның және оның Тұңғыш Президентінің сенімді тірегі болатынына сенімдімін. Өңірімізде мекендейтін жүзден астам ұлт пен ұлысқа құт мекен болған гүлжазира Қазақстанды – Мәңгілік елді біздің баршамыз тек қана бірлікте құра аламыз.
Бүгінгі жарқын күнде баршаңызға мерекелік көңіл-күй, денсаулық және сәттілік тілеймін! Қазақстан халқының достығы нығая берсін!

Қымбатты ақмолалықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл сан ғасырлар бойы қазақтың кең-байтақ даласын мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстардың ынтымағын одан әрі нығайтып, арман-тілегін бір арнаға тоғыстырған мереке.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде еліміз жан-жақты қарқындап дамып келеді. Елбасының көреген саясатының нәтижесінде 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетуде. Мемлекетіміз көпұлтты халқымыздың достығы мен келісімін, өзара түсіністігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ұлттық ұстанымдар мен дәстүрлердің сақталуына, ұлттардың рухани, мәдени өсіп-өркендеуіне жағдай жасап отыр. Біз әр ұлтты шынайы құрметтеу арқылы бүкіл әлемге достық пен бірліктің нағыз үлгісін көрсетіп келеміз.
Ынтымақты, достықты, бірлікті сақтап, оны одан әрі дамытуға өз үлесімізді қосуымыз қажет. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, облысымызды дамытуға, ең батыл жоспарларды жүзеге асыруға жағдай туғыза аламыз.
Осы бір айтулы мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға береке-бірлік, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанды дамыту жолындағы еңбектеріңізге толайым табыстар тілеймін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *