Ағалар өмірі – өнегелі өмір

«Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық жобасының аясында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында Көкшетау қаласының құрметті азаматы Айдар Мурзин жас-тармен кездесті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған бұл игі шараны аталған партияның облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты мен Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Кездесу барысында қоғам қайраткері Айдар Хамзаұлы жастарға өңірімізді көркейтуге қосқан үлесі жайында  әңгімелеп берді.
Әсіресе, сексенінші-тоқсаныншы жылдары Көкшетау қалалық атқару комитетінің төрағасы, қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, қала әкімі секілді жауапты қызметтерді абыроймен атқарғаны ел есінде.
Бұл кезең тәуелсіз мемлекетіміздің ел өмірінде орын алған бірталай маңызды оқиғалармен тұспа-тұс келді. Солардың бірі – Ата Заңымыздың қабылдануы. Жиында еңбек ардагері сол кездерді тебірене еске алып, жастарды білім алуға, жақсылыққа, мәдениеттілікке ұмтылуға және туған жерін шексіз сүйіп, қадірлеуге шақырды. Өз кезегінде жастар мейманға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, естелік сыйлық табыс еті.     
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар