Ақиық ақынның туған күніне арналды

9 ақпан күні жырлары жалпақ жұрттың жүрегінен ерекше орын алған Мұқағали ақынның туған күні екендігі сөз сыйлайтын, өлең-жырды қадірлейтін жұртшылықтың жадында жатталып қалғалы қашан. Осы күндері көптеген өңірлерде ақын мұрасына айрықша назар аударылып жатады. Біздің №26 орта мектеп ұжымы да «Есіңе мені алғайсың…» деп аталатын поэзия кешін өткізді.

Алдымен мектеп мұғалімдері Арайлым Исаева мен Алтынзер Жақан, Гүлім Есқожиналар ақынның өмірінен сыр айтатын тамаша сахналық көрініс көрсетті. Поэзия кешін жүргізген 10 сынып оқушылары Ұлболсын Жирен мен Еркін Елхан өз сөздерінде ақынның өмірі мен шығармашылығынан мол мәліметтер келтірілді және осы тақырыпты кеңінен қамтитын әсерлі бейнебаяндар жиналған қауымның назарына ұсынылды. Ақын тойында жыры оқылмай, жалыны жанды баурамай өтуші ме еді, мектеп оқушылары Алтынай Асан, Кенжегүл Мәндібекова және Алтынзер Жақандар Мұқағали аталарының ойлы да мұңды жырларын нәшіне келтіріп оқып берді. Жалғыз жыр ғана емес, тыңдаған қауымды тәнті еткен әндер де айтылды.  
– Мұқаңның өмірі шынымен де мөлдіреген мұңға толы. Ол поэзиямен өмір сүрді. Уақыт өте келе ақынның жауһар жырлары оқырман қауымның жүрегін жаулап алды,–деп мектеп басшысы Ғани Исаев әсерлі әңгіме тиегін ағытты.
Кеш соңында мектеп мұғалімі Хатима Қабылдинова «Есіңе мені алғайсың» әнімен кеш барысын тебірене тыңдап отырған көпшіліктің көңілін толқытып жіберді. Қоңыр домбыраның әр жағында толқын-толқын әуенмен бірге жарықтық ақынның өзі халқына есіңе мені алғайсың деп айтып тұрғандай.
Арайлым ИСАЕВА,
мұғалім.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар