Ақмола мен Көкшетау нан өлкесі, Қалай піскен Розаның ақ бөлкесі!

Атбасар ауданындағы «Полтавка-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің наубайханасы он жылдан астам уақыт бойы жергілікті тұрғындарды арзан да сапалы нанмен қамтамасыз етіп келеді. Наубайхана меңгерушісі Роза Қоянбаева мұнда алғашқы күннен бері еңбек етеді. Төрт адам жұмыс істейтін наубайханада ауыл тұрғындарына нанның әр бөлкесі небары 35 теңгеден сатылады. Мұндағы өндірістің дұрыс жолға қойылып, халықтың дастарханынан ақ нанның үзілмеуіне наубайхана меңгерушісінің қосып келе жатқан үлесі зор.
Суретте: Роза Қоянбаева.
Суретті түсірген Берік Ескенов

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар