Ақмола облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

 

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бо-йынша Мұратбек Шәмілұлы Тақамбаев ротация шеңберінде Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Мұратбек Шәмілұлы Тақамбаев 1963 жылы туған, білімі жоғары, 1985 жылы  С.М.Киров атындағы Ленин орденді Омбы ауыл шаруашылығы институтын  экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Омбы облыстық қаржы басқармасының  ревизор-инспекторы болып бастады. 1986 жылғы қыркүйек айынан бастап 1995 жылғы қыркүйек айына дейін Омбы облыстық қаржы басқармасында әртүрлі қызметтер атқарды.
1998 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қаржы-несие басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылғы маусым айы мен 2005 жылғы ақпан айының аралығында Ақмола облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2005 жылғы ақпанда Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2006 жылғы мамыр айы мен 2012 жылғы тамыз айының аралығында Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметінде болды.
2012 жылғы тамыз айынан бастап Степногорск қаласының әкімі қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальмен марапатталған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар