Ақмола облысы соғыс және еңбек, қарулы күштер ардагерлері Кеңесінің тұрғындарға «Жеңіс қорына» қаражат жинау жөніндегі Үндеуі

Құрметті жерлестер!
2015 жылдың 9 мамырында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толғалы отыр.

Ұлы Жеңіс біздің елге оңай  келген жоқ. Осы жылдар аралығында майданға 1 200 000 қазақстандық аттанды. Майдан даласындағы ерлігі үшін 497 қазақстандық  Кеңес  Одағының Батыры жоғары  атағына ие болды.
Ақмола облысынан тұрғындардың төрттен бір бөлігі майданға аттанды. Біздің жерлестеріміздің ерлігі лайықты бағаланып,  38 ақмолалық және 28 көкшетаулық жауынгер Кеңес Одағының Батыры, ал, 13-і Даңқ орденінің толық иегері атанды.
Бейбіт күндерде де Жеңіс солдаттары бұрынғыдай біздің қатарымызда.   Олар  бейбітшілік пен бірлікті қолдап, жастар тәрбиесіне баға жеткізгісіз үлестерін қосып келеді.
Аға ұрпақтың ерлігі барған сайын тарих қойнауына енуде. Біздер жер бетінде бейбітшілікті сақтап қалған аталарымыз бен әкелеріміздің  алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың көзсіз ерлігі талай ұрпаққа батырлық пен табандылықтың үлгісі болып қалатындығы анық.
Бүгінгі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында ардагерлеріміз шынайы қамқорлыққа бөленуде, олар баспанамен  қамтамасыз етілген, лайықты зейнетақысын алады. Алайда, соғыс және еңбек ардагерлері бізден бұдан да зор жанашырлық, ілтипат пен жүрек жылуын күтетіні анық. 
2015 жыл ТМД мемлекеттері басшыларымен Ардагерлер жылы болып белгіленді.
Облыс әкімімен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына дайындық шараларын жүргізудің және оны өткізудің жоспары бекітілді. Бұл жоспарда майдангерлер делегациясының Мәскеу мен Астана қалаларындағы Шеруге, халықаралық акцияларға қатысуы, жиналыстар, ғылыми конференциялар өткізілуі, «Боздақтар» кітабының шығарылуы,  ескерткіштер мен құлпытастардың көркейтілуі, туған-туыстарының майданда қаза тапқан жауынгерлердің  бауырластар зираттарына баруы, тағы басқа іс-шаралар көзделген.
2014 жылдың қазан айынан бастап біздің облыста «Жеңіс қоры – 2015» қайырымдылық акциясы бастау алды. Облыстың көптеген кәсіпорындары мен ұйымдары, кәсіпкерлер мен қатардағы тұрғындары бұл қорға өздерінің лайықты  үлестерін қосты және қосу үстінде.
Ұлы мереке алдында біз барлық ақмолалықтарды баршамызға ортақ тарихи зердені сақтауда, жас ұрпақты өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік пен патриоттылық рухында тәрбиелеуде маңызды орын алатын осы ізгілікті акцияға қатысуға шақырамыз.
Осылайша бізге ашық аспан мен тәуелсіз де қуатты Қазақстанда өмір сүру бақытын сыйлаған аға ұрпаққа өз құрметімізді көрсетуді әрқайсымыздың абзал борышымыз деп білгеніміз жөн.
Чапай ӘБУТӘЛІПОВ,
Ақмола облыстық ардагерлер
кеңесінің  төрағасы.

             Банктің реквизиттері
«Жеңіс қоры – 2015»
«Ардагерлер ұйымы» РҚБ
Ақмола облыстық филиалы
Шот KZ 886010321000002378       Код 18 Кбе 18
Қазақстан Халық банкі АҚ Ақмола ОФ
HSBKKZKX  БИН 921041000990

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар