Ақмола облысында ЭКСПО-ның бес жобасы жүзеге асырылады

 Нұрсұлтан  НАЗАРБАЕВ:

– ЭКСПО бүкіл әлемнің интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік берді. Мұнда жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды. ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел «жасыл» технологияларды дамыту идеясына берік екенін тағы да дәлелдей түсті. Жалпы, біздің көрме «таза энергетиканы» жаһандық деңгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына сенімдімін.
«Нұр Әлем» және көрме тақырыбы көрініс тапқан басқа да бірқатар павильондар «ЭКСПО мұрасы» ретінде сақталады. Көрменің аяқталуы бірнеше ауқымды жаңа жобаларды бастауға мүмкіндік береді. Ең алдымен, мұнда «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасады. Ол қаржы хабына, инвестиция тартатын орталыққа айналып, халықаралық қаржы жүйесінде лайықты орынға ие болуға тиіс.  
«ЭКСПО» көрме кешені толығымен инновациялық және орнықты дамудың мақсаттарына одан әрі қызмет ететін болады. Баршаңызды жаңа орталықтардың жұмысына белсенді атсалысуға шақырамын.

 «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесінде көрсетілген жаңа технологиялар мен жобалардың ішінен облыс аумағында бес жобаны жүзеге асыру жос-парлануда. «Global Gas Group» cеріктестігінің қаржысымен Қазақстан Республикасы солтүстік аймақтарына, соның ішінде Ақмола облысына кешенді газ тарту қарастырылды. Сұйық табиғи газды тасымалдауға контракт жасалып, 5 жыл бойы жылына 320 мың тонна газ тасымалдауға «Газпром Экспорт» ашық қоғамдық бірлестігімен меморандумға қол қойылды.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында «Global Gas Group» серіктестігі компаниясы тобының қатысуымен бүгінгі сығымдалған газды табиғи газ отынына ауыстыру бойынша шаралар жоспары жасалған.

«Цатэк CreenEnergу» серіктестігі қуаты 100 меговаттық жел паркінің құрылысын қолға алды.

Бұл жобаның құны 126 миллион долларды құрайды. Жобаны іске асыру үшін жер телімі бөлінген. Қондырғылар да әкелінуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары мен  автокөлік жолының құрылысы бас-талды. Су турбинасы негізіндегі шағын су электр станциясының инновациялық конструкциясын жасау арқылы «жасыл» энергияның автономдық және жүйелік өндірісін «Көкшетау Су Арнасы» кәсіпорны жүзеге асырмақшы. Қазан айының соңында жоба жасаушылармен кездесу жоспарланған.

«Степногорск-Водоканал» кәсіпорны тазалағыш нысанын жаңғыртады. Қазір жоба жасаушылармен келіссөздер жүргізілуде. «Көкшетау минералды суы» мен «Ақмола өңірлік электр компаниясы» акционерлік қоғамдары да электр тарату жүйесінде компьютерлік бақылау технологиясын енгізу мақсатында жоба жасаушылармен келіссөздер жүргізуде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар