Аққудайын сыланған…

«Көкшетау» мәдениет сарайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, Қазақстан Республикасының халық әртiсi Болат Аюхановтың балеті тамаша өнер көрсетті.

Алматы қаласынан гастрольдік сапармен келген өнер ұжымы екі күн бойы көкшелік көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Алматылық балетшілер П.Чайковскийдің «Аққу көлі» мен «Анна Павлова – орыс балетінің аққуы» қойылымдарын шебер сахналады. Көпшілік қауымның ыстық ықыласына бөленген ұжымның өнеріне көкшеліктер тәнті болды. Тағы бір айта кетерлігі Жеңіс күні қарсаңында балетшілер Степногорск қаласында да болып, өнер көрсетті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар