Ақ жол, «Бұқпа!»

Меншік иесі өзгерген  «Бұқпа!» аймақтық газеті жаңа бояу, жаңа рең, жаңа қалыппен өз оқырманына жол тартты.

 

Қаржылық жағдайына байланысты қиындық туындаған басылымды ендігі арада белгілі кәсіпкер, меценат, ұлт жанашыры Қайыргелді Әлімұлы Әкімбеков өз қамқорлығына алып отыр.
Бұл орайда,  абзал азаматтың көп жылдар бойы жұртшылықтың рухани сұранысын өтеп келе жатқан газетті қысылтаяң шақта өз-өзімен қалдырмай, оған екінші тыныс бергені сүйсіндіреді. Осы өзгерістерге байланысты жаңа жылдық саны сәл кешігіп шыққан «Бұқпаның!» содан бергі екі нөмірі де  мазмұндылығымен көз тартады. Шығармашылық ұжымның осы тұрғыдағы мақсат-мұраты газеттің оқырмандарға арнау сөзінде де таратыла айтылған екен.
Олай болса, ежелден өз оқырманы, өз  айтары бар, жаңарып, жақсара түскен «Бұқпа!» газетіне 100 жылдық тарихы әріде жатқан  «Арқа ажарының» атынан ақ жол дейміз. Қазақ тіліндегі санаулы басылымдарымыздың  ішінде әрі қарай да өзінің лайықты орнын алып, апта сайын асыға тосқан тілеулес ағайынмен  жарқын жүзбен қауыша берсін!
«Арқа ажары» газетінің редакциясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар