«Адам көркі шүберек» деп қазақ текке айтпаған ғой. Жақсы, жарасымды киім адамның сымбатын ашып, ажарландырып тұрады. Керісінше, ұнамсыз, жарасымсыз киім ажарын қашырып, сұрықсыздандырмақ.

«Адам көркі шүберек» деп қазақ текке айтпаған ғой. Жақсы, жарасымды киім адамның сымбатын ашып, ажарландырып тұрады. Керісінше, ұнамсыз, жарасымсыз киім ажарын қашырып, сұрықсыздандырмақ.

 

Өз өмірімде қыз-жігіттердің киетін талай сәндік үлгілерін көрдім. Олардың бәрі сол уақыт талабына сай келетін, жоғары талғаммен тігілген әдемі киім үлгілері болатын. Ал, соңғы кезде адамдар, оның ішінде жастар киетін киім үлгілері көзге біртүрлі ерсі, қораш көрінеді. Бірақ, соны киіп жүргендер мұны байқамай ма, әлде талғамдары солай ма, оған көңіл бөлмейтін сияқты.
Бірде автобуста смартфонын басып өзімен-өзі отырған орыс қызының шалбарына көзім түсіп, шошып кеттім. Джинси шалбарының тізесінен сәл жоғары жері жыртылып қалыпты. Әлгі жыртықтан тізесі көрініп тұр. Менің басыма келген ой: «шалбарының жыртылғанын білмей қалған шығар, қазір көрсе ыңғайсыз жағдайда қалады-ау» болды. Есі-дерті смартфонмен болған әлгі бір кезде аялдамадан түсіп қалды. Жыртық шалбарына зәредей қысылған да жоқ. Кейінірек осындай жыртық шалбарлы қыз-келіншектерді жиі көріп қалатын болдым.
Сонда ғана мұның сән екенін түсіндім. О заманда, бұ заман жыртық шалбар сән болады деп кім ойлаған? Бір емес, бірнеше тесігі бар жыртық шалбар киіп жүретіндер де кездеседі. Олардың өздеріне қайдам, сырт қараған адамға бұл біртүрлі ерсі көрінеді екен. Бірақ, сәнге үйреніп алған жастар мұның ұнамды-ұнамсыздығын ойлап бас ауыртпайтын сияқты.
Ал, шынтағын жамаған кәстөм, жылы күртеше киетін жас жігіттер, тіпті, егде тартқан адамдарды да жиі көреміз. Бұл да «сән». Ертеректе, бала күнімізде жамау киімді жұрт қара жұмысқа киетін. Ойын-тойға жамау киім киіп бару ұят саналатын. Ал, қазір жастар осындай жамау киім киіп бара береді. Бүгінгі заманның сәніне айналған жыртық шалбарлар мен жамау кәстөм кигендерге қарап,  адамдардың талғамы төмендеген бе, әлде заманның сиқы ма деп қайран қаласың.

Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар