Адамзат басқа ғаламшарға қоныс аударуы қажет

 «Комсомольская правда» басылымына сұхбат берген ұшқыш ғарышкер Сергей Кричевский «адамзат келешекте Жер бетiнен өзге ғаламшарларға қоныс аударуға мәжбүр болады» деген пiкiр бiлдiрiптi.

«Бiз Жерде тұрақтап қалдық. Гагарин ғарышқа ұшқалы берi елу жыл өттi. Осы жылдардың iшiнде ғарышқа 500 дей адам ұшып келдi. Расын айтқанда, елу жылдың iшiнде Жерге жақын орбитадан ары аса алғамыз жоқ. Адамзаттың ғарышқа экспансиясы телекоммуникациялық жүйелер мен ГЛОНАСС тәрiздi навигациялармен ғана шектелген. Роскосмос та, NASA да Жер бетiндегi адамдарды көшiру мүмкiндiгiн қарастырып жатқан жоқ. Ал, егер бiз өсiп өнiп, көбейемiз десек, өз ғаламшарымыздан тысқары жерде өмiр сүрудi қазiрден бастап
ойластыру қажет. Себебi ерте ме, кеш пе, Жерден кету керек. Өйткенi, Жер бетiн табиғи немесе ғарыштық апат жалмайды. Не
болмаса, Күн сөнiп қалып, Жер бетiндегi тiршiлiк жойылады», – дейдi С.Кричевский.
Ғарышкер адамзатты аман алып қалу үшiн ғарышқа ұшқысы келетiн адамдарды бiрiктiру қажет дейдi. Осы адамдар жаңа ғаламшарларға аяқ басып, 2030 жылға қарай Айда, 2050 жылға қарай Марста қоныстана бастауы керек. Бiрақ, ол үшiн бұл мәселе саяси деңгейде шешiлуi шарт. С.Кричевский АҚШ Конгресi Жердегi адамдарды басқа ғаламшарларға көшiру бастамасын көтеруi қажет деп есептейдi. «Конгресс қоғам, саясаткерлер, ғалымдар мен бизнесмендерге үндеу тастап, осы стратегияны саяси деңгейде қабылдауға тиiс», – дейдi ол.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар