Айлық әсерлілігімен ерекшеленді

Егемендіктің біз үшін орны ерекше. Батыр бабаларымыздың асқақ армандарының, аналарымыздың ақ тілегінің орындалғаны бұл. Осының барлығы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы.

 

Сол себепті де біз әрқашан өз елімізді  қастерлей білуге тиістіміз. Ол біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.
№14 «Чайка» балабақшасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығын  атап өту аясында бір айлық іс-шаралар жоспарланды. Атап айтқанда,  «Қазақстан балалардың көзімен» сурет және қолөнер көрмелері, «Қазақстан Республикасының жетістіктері» атты тақырыпта ұйымдастырылған қалалық мұражайға саяхат және тағы басқа мәдени шаралар өткізілді.  
Бүлдіршіндеріміз қалалық  «Менің елім – Қазақстан» атты шығармашылық байқауына қатысып, «Салт-дәстүрдің  ізбасарлары» аталымы бойынша мадақтама грамотасын иеленді.
Балабақшадағы тәрбиеленушілер арасында «Тіл – достық көпірі» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Балалар үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Отан, туған жер, тәуелсіздік, Президент туралы мәнерлеп өлеңдер оқып берді. Сайысқа барлығы 18 бала қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша І, ІІ, ІІІ орын беріліп, әртістік шеберлігі үшін, ең жақсы сахналық бейне, тақырыпты ашқаны үшін арнайы жүлделер тағайындалды. Әділқазылар өз шешімін шығарғанға дейін шағын концерт ұйымдастырылды.
І жүлделі орынды №13 ортаңғы топ тәрбиеленушісі Назым Сәбит иеленді. Қатысушыларды ұстаздар қауымы да, тәрбиеленушілер де ерекше көңіл-күйде қошеметтеп, өз ризашылықтарын білдірді. «Еліміз аман болып, тәуелсіздіктің тұғыры шайқалмай, сәбилердің сыңғырлаған күлкісі естіле берсін», –  деген тілекпен тарқасты жиналғандар.

Айгүл ШОРТАЕВА,
 Сара БАЙМАНОВА,
Ирина ПОТАПОВА,
№14 «Чайка» балабақшасының мұғалімдері.
 Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар