«Айналайын, ақ мамам!»

Осындай тақырыппен облыс орталығында орналасқан №11 «Арай» балабақшасында ертеңгілік болып өтті.

Ертеңгілік барысында балдырғандар орындаған   әндер мен оқыған өлеңдер, тіпті, билеген билері де шынайылығымен жүректерді жадыратты.   Ата-аналардың қатысуымен қызықты ойындар ұйымдастырылды. Кішкентай балдырғандар «Текемет басу», «Жігіттер» билерін тамаша орындап шықты.  Мәдени шарада балабақша басшысы  Үгіл Алпысқызы сөз сөйлеп, осындай тәрбиелік маңызы зор мәнді шаралардың көптеп өткізілуі керектігін баса айтып, ертеңгілікке қатысқан аналарды мерекемен құттықтады.  
Әсел ҚАЛИЕВА,
Көкшетау қаласындағы №11 «Арай» балабақшасының музыка жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар