Қайтсек алдын аламыз?!.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Ақмола облыстық филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбына конференция  өткізді.

Жиынға  білім беру, денсаулық  сақтау салаларының және  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.  Конференцияның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік ахуалын қалыптастыру арқылы қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту.
Отырысты Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы  Қуаныш Жапақов  жүргізіп отырды. Осы департамент басшысының орынбасары Ерлаз Жайықбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Гүлнәр Құлышева, облыстық білім басқармасы басшысының  орынбасары  Валерий Гамазов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» облыстық филиалы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің құжаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Аманжол Құсайынов баяндамалар жасап,  жиынға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері туралы айтып берді. Ал,  қалалық жастар ресурстық орталығының психологы Эсет Куссиева тренинг өткізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарын түсіндірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар