Айтулы шараның айшықты ажары

 

«Қоғамдық келісім»  мекемесінде  славян жазуы мен мәдениеті күніне орай, мерекелік концерт болып өтті.

 

Іс-шара «Русская песня» халықтық ансамблі мен әнші Александра Сокольскаяның орындалуындағы «Колокола» әнімен ашылды. Ақмола облысының «Русская община» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко бұл мерекенің ежелгі тарихы мен маңыздылығын айтып, жиналған жұртшылыққа өзінің жылы лебізін білдірді.
Мәдени шара славян халқын жазу-сызуға үйреткен ағайынды Кирилл мен Мефодийдің құрметіне арналды.
Шара барысында «Ярмарка» әнін Көкшетау қаласындағы №1 орта мектептің оқушыларынан құрылған «Сувенир» фольклорлық тобы орындаса, №17 орта мектептің «Шұғыла» би тобы орыс биі «Порушка-Параня» биін билеп, кештің ажарын аша түсті. Сонымен қатар, украин халқының «Маруся» әнін де №1 орта мектептің оқушылары нақышына келтіріп орындады. Ал, «Қоғамдық келісім» мекемесі жетекшісінің орынбасары Манат Исмағұлов орыс тілінен өткен қалалық олимпиадада жүлделі орынға ие болған Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Виктория Ромашева, №2 орта мектептің 9 сынып оқушысы Сандуғаш Мейрам, Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Айсұлу Қайыртаеваға және өзге де бірқатар мектеп оқушыларына дипломдар табыс етті. Осы шара барысында орыс тілі пәнінен облыстық байқауға қатысып, өзін жақсы жағынан көрсете алған Астрахан ауданының Жалтыр орта мектебінің 10 сынып оқушысы Диана Егімбаева, Бұланды ауданындағы Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Арайлым Мәткенова да ұстаздарымен бірге марапатталды.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар