Айтылған ұсыныстар іске асырылуда

Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, мемлекеттік индустриялды-инновациялық бағдарламаларды іске асыру, ауылды, тұрғын үй құрылысын дамыту, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі мәселелерді шешу, сондай-ақ, қоғамды ортақ істерге жұмылдыру жөніндегі халықты ақпараттандыруды арттыру үшін 2015 жылғы 14 қаңтар мен 24 ақпан аралығында облыс өңірлерінде барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулері өткізілді.

Есеп беру кездесулерінде 1112 адам сөз сөйледі, 727 ұсыныс енгізілді, мемлекеттік органдар басшыларының атына сын-ескертулер айтылған жоқ. Барлық 727 ұсыныс әлеуметтік сипатта болды, экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар келіп түскен жоқ.   
612 (84,2 пайыз) ұсыныс бойынша түсініктеме берілді, 90 (12,4 пайыз) ұсыныс өңірлердің іс-шаралар жоспарына қосылды. Облыс әкімінің қаулысымен 25 (3,4 пайыз) ұсыныс бақылауға алынды, оның ішінде республикалық деңгейде шешілетіні – 2, облыстық деңгейде – 23.  Солардың ішінен 2016 жылғы 1 қазанға дейін орындалғаны – 14 (60,9 пайыз).  2016 жылы:
республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында:
– «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК-сына (Әуелбеков көшесі, №94 ғимарат) лифті және лифт шахтасының есіктерін ауыстыруға  5,3 млн. теңге;
– Бурабай ауданы Златополь  орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізуге – 138,7 млн. теңге;
– Ерейментау ауданы Бозтал орта мектебі ғимаратының төбесін күрделі жөндеуге – 10,0 млн. теңге;
– Жақсы ауданы Подгорненский орта мектебін күрделі жөндеуге  76,0 млн. теңге;
– Зеренді ауданы Ақкөл ауылы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуге 24,8 млн. теңге;
– Шортанды ауданы Новокубанка ауылы мәдениет үйін күрделі жөндеуге 33,3 млн. теңге қаржы бөлінді.
Облыстық бюджеттен:
– Бурабай кентінде жаңа қазандық құрылысын аяқтауға  226,0 млн. теңге;
– «Егіндікөл – Бауман»  облыстық маңызы бар жолын ағымдағы жөндеуге  30,0 млн. теңге;
– Шортанды кентінің кентішілік жолдарын жөндеуге – 20,0 млн. теңге қаржы бөлінді.
Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулері барысында халықтан келіп түскен ұсыныстардың орындалуы туралы барынша толық ақпаратты облыс әкімінің сайтынан алуға болады.  

Жомарт  НҰРКЕНОВ,
облыс әкімі аппаратының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар