Айыппұл мөлшері – 600 мың теңге

Ауданның табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері кезекті рейд барысында заңсыз ағаш кескен адамды ұстады.

Оңай жолмен олжа тапқысы келетіндер қатары өкінішке орай, азаймай отыр. Жыл басынан бері құқық қорғаушылар заңсыз ағаш кесуге байланысты 30 оқиғаны анықтаған. Әбден есірген браконьерлер, тіпті Ұлттық парктердің аумағына кіріп, таңдап-талғап жүріп қарағай, емендерді кесіп алатын жайлары   кездеседі. Осыған орай, табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері орманшылармен бірлесіп жиі-жиі рейдтер өткізіп тұрады.
«Сандықтау орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің аумағында өткізілген рейд кезінде табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері кесілген ағаштарды көріп, ізін суытпай іздеуге кірісті. Көп ұзамай заңсыз ағаш кескен азамат белгілі болды. Оның қорасынан жаңа ғана кесіп алынған ағаш табылды. Ағаш сатумен айналысып келген әлгі азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Осы әрекеті үшін ол енді 300 айлық есептік көрсеткіш, яғни 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі немесе 75 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар