Алқапта еселі еңбек лебі еседі

 

Диқандар көктемгі егіс науқанына үлкен дайындықпен келді. Қажетті тұқым, жанар-жағармай жеткілікті. Ауыл шаруашылығы техникасы  толық жөнделген.

 

Биылғы жылы егіс жұмыстарын аудан аумағындағы 603 мың 818 гектар алқапта өткізу жоспарланған болатын. Оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 594 мың 917 гектар алқапқа сіңіріледі. Сондай-ақ, негізгі азық-түлік дақылы болып саналатын жаздық бидай 581 мың 785 гектар жерге себіледі. Бүгінгі таңда жоспарланған 575,3 мың гектар алқаптың ылғалы толық жабылды. 55 мың гектар жерге егіс алдындағы өңдеу жүргізілді. Оның 40 мың 800 гектары химиялық әдіспен өңделді. Аудан диқандары дәнді дақылдар егу жұмысын сәл кешеуілдетіп 16 мамырда бастады. Күні бүгінгіге дәнді дақылдар тұқымының 32 пайызы сіңірілді. Соның ішінде 332 мың 920 гектар алқапқа бидай, 5 мың 128 гектарға арпа, 1 мың 110 гектар жерге сұлы себілді. 320 гектар алқапқа бұршақты дақылдар, 5 мың 162 гектарға майлы дақылдар, 200 гектарға жүгері, 2861 гектар жерге біржылдық шөп, 580 гектарға көпжылдық шөп егілді.
Аудан тұрғындарын қоса есептегенде 180,6 гектар алқапқа картоп, 117,4 гектарға көкөніс отырғызылды. Бүгінгі таңда «АБС Жаркөл», «Темірлан» және «Кен-ЕМ» серіктестіктері диқандарының қарқынды жұмысын атап өту керек. Олар барлық алқаптарының жартысына дәнді дақылдар сіңіріп үлгерді. Ауа райы қолайлы болса, дәнді дақылдарды егу жұмысын 2 маусымда толық аяқтап шығу межеленіп отыр. Аудан бойынша көктемгі егіс науқанын өткізу үшін қажетті 58 мың 178 тонна тұқым дайындалды. Тұқымның бәрі ашық аспан астына шығарылып кептірілді, дәріленді. Егіс жұмыстарын өткізу үшін кепілдендірілген 8 мың 320 тонна дизель отыны бөлініп, 6 мың 61 тоннасы тасымалданып алынды.
Сондай-ақ, аудан шаруашылықтары 100 пайыз бензинмен және жағармаймен қамтылған. Дизель отыны бекітілген кес-теге сәйкес тасымалдануда. Қазір егіс науқанында 432 «К-700» тракторы, 1 мың 873 астық сеялкасы, 87 өнімділігі жоғары егіс кешені пайдаланылуда. Жұмыс жос-парына сәйкес, өнімділігі жоғары егіс кешендерімен барлық алқаптың 34 пайызын егу жоспарланған. Бұл ылғал сақтау технологиясы бойынша егіс алқабын 320 мың гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Ауданның ауыл шаруашылығы та-уарларын өндірушілері 1 мың 140 тонна минералдық тыңайтқыш сатып алды. Жалпы, көктемгі егіс жұмысын уақытында әрі тиісті агротехникалық деңгейде өткізу үшін барлық қажетті шаралар қолға алынуда.

Октябрь БАЙЕГІЗОВ,
аудандық ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар