Қаламгердің әдеби әлемі

 Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында ақын, драматург, жазушы Баянғали Әлімжановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Тұлға» сериясымен жарық көрген «Өмірдің өзі» атты электрондық басылымның тұсаукесері болып өтті.

  Басылымның алғы сөзі Тұрсынбек Кәкішевтің мақаласымен бастау алған. Бірнеше тарауларға бөлінген электрондық басылымда ақынның өмірбаяны, шығармашылығы кеңінен қамтылған. Соңында әдебиеттер тізімі мен құрастырушылары көрсетілген.  Бұл электронды жинақ екі данамен шығарылған. Біреуі авторға берілсе, екіншісі кітапхана мұрағатында сақталмақ.
Шарада «Асау толқын» фильмінен үзінді көрсетілді. Ал, қатысушылардың дені жастар болғандықтан, олар ақынның басынан өткен қызықты оқиғаларын  ерекше ынта қойып тыңдады.  
Кеш барысында белгілі әнші Иран Тасқара да Баянғали Әлімжановқа арнайы шығарған әнін орындап, көпшілік қауымның ықыласына бөленді. Шарада өзге де қонақтар сөз алып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Кеш соңында ақын көкшелік оқырмандарына кітаптарын сыйға тарту етіп,  жігерлі де талапты жастарға ақжолтай тілек тіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар