Алматыда – Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бар

VI шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатының сессиясында ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясы мен қалалық ономастика комиссиясы тұрғындардың көптеген өтінішін ескере отырып, Алматыдағы Фурманов көшесіне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың есімі алғаш рет осыдан 10 жыл бұрын Иордан корольдігінің Амман қаласында және Шешен Республикасының Грозный қаласындағы көшеге берілген болатын. Сондай-ақ, Елбасы атындағы көшелер Түркиядағы бірнеше қалада, Татарстандағы Қазан қаласында да бар.
Алматыдағы бір көшенің Нұрсұлтан
Назарбаев даңғылы болып өзгертілуін елдік шешім деп қабылдап отыр, Елбасы – ел
тірегі болса, сол елі өз елінің Тұңғыш Президентінің адамзат тарихы алдындағы адал еңбегін және Қазақстанның әлемге танылған бүгіндей абыройлы мемлекет дәрежесіне жетудегі Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ұлықтағандық болып саналады.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *