Қандай ыстық осы ән

Көкшетау темір жол вокзалында Атамекен» флешмобы өтті. Оны Қазақстан Коммунистік халық партиясы Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырды.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен алдымыздағы Жаңа  жыл мейрамына арналған іс-шарада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекенова атақты композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындап, бір топ жастар көк байрағымыз бен аталған партияның жалауын желбіретіп, әнді қосыла шырқады.
Әсем әннен кейін темір жол вокзалында жүрген жолаушылар мен қызметкерлерді Қазақстан Коммунистік халық партиясы облыстық комитетінің хатшысы Бейсенбай Мәжитов Тәуелсіздіктің мерейлі 25 жылдығымен құттықтап, қадам басқалы отырған 2017 жылдың табыс пен сәттіліктерге толы болуына тілектестігін білдірді. Шара соңында қазақы дәстүрмен шашу шашылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар