Анна Нұрмұхамедова – Олимпиада жүлдегері

2012  жылғы Лондон Олимпиадасында  69 келілік салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Анна Нұрмұхамедова қарсыластарына есе жіберіп, бесінші орынды қанағат тұтқан еді. Енді, міне арада төрт жыл өткенде Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімімен Анна Нұрмұхамедова Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанбақшы.

«Бір жамандықтың, бір жақсылығы да болады» демекші, допингке қатысты дау-дамайдан кейін Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиададан Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Мая Манеза сияқты мықты  ауыр атлеттеріміз шеттетіліп, жанкүйерлеріміздің еңсесін түсіріп кетсе, осы допинг дауынан кезінде төртінші сатыдан көрінген  спортшымыз Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері атанған болатын.
Енді міне, жерлесіміз Анна Нұрмұхамедова да Олимпиада жүлдегері атанатын болып отыр. Лондон Олимпиа-дасында бесінші орынға табан тіреген ол  сол кезде үшінші және төртінші орындарды иеленген белорустық Марина Шкерманкова мен Дина Сазоновецтің допинг қабылдағаны белгілі болғаннан кейін қола медаль иесі атанатын болып отыр. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайтының мәліметі бойынша Sports.kz  
хабарлады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар