Қапы қалмаңыз!

Баспанаға мұқтаждар есебінде тұрған келесі санаттағы азаматтардан, атап айтқанда,  көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек баласы бар немесе мүгедек балаларды асыраушы отбасылар, жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынан тыс қалған балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымының қызметкерлерінен өтініштер мен құжаттар қабылдау  туралы хабарландыру

  «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі  хабарлайды: Көкшетау қаласында 2020 жылға дейін аймақтарды дамытудың бекітілген Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйым» ақционерлік қоғамы (әрі қарай – «ҚИК» ИҰ» АҚ) Көкшетау қаласынан 337 дана пәтер сатып алды, оның ішінде:
1- бөлмелі пәтерлер –  152 дана, аудандары 43,40-тан 48,80 ш.м.дейін;
2- бөлмелі пәтерлер – 151 дана, аудандары 59,90-нан 74,80 ш.м.дейін;
3- бөлмелі пәтерлер – 34 дана, аудандары 78,70-тен 88,10 ш.м.дейін
Жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрін жалға алу шамамен 903 теңге, егер жалға алу мерзімі 20 жыл болса.Бағдарлама белгілегендей, «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйлері» бағыты бойынша қатысушылары ЖАО кезегінде тұрған тұлғалар, яғни, жергілікті атқарушы органдарға баспанаға мұқтаждар есебінде тұрғандар, келесі санатқа жататындар: көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек баласы бар немесе асыраушы отбасылар, жетім-балалар, ата-ананың қамқорлығынан тыс қалған балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері, бюджет ұйымының қызметкерлері.  
Аталған бағыттағы қатысушылар топтарға және келесідей критерийлер бойынша жасақталады:
1-кіші топ – санатта көрсетілген ЖАО кезегінде тұрғандар, некеде кемі 3 жыл тұрғандар, балалары бар, ерлі-зайыптылардың екеуінің жасы 35 жасқа толмағандар (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте), сондай-ақ, толық емес отбасы, баланы ата-ананың біреуі тәрбиелеуі, яғни, жасы 35 толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір;
2-кіші топ – санатта көрсетілген ЖАО кезегінде тұрғандар, 1-кіші топқа кірмегендер.
Жалға алу үйлері келесідей пропорционалда бөлінеді:
1-кіші топ қатысушылары үшін – 50 %;
2-кіші топ қатысушылары үшін – 50 %.
Кіші топтардың біреуінің баспана алуға Бағдарлама үміткерлері жетіспеген жағдайда, Бағдарлама қосымшасы негізінде баспана басқа кіші топ үміткерлері арасында бөліске түседі, немесе өтініштер қайта қабылданатын болады.
Бағдарлама қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:
1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес баспанаға мұқтаждар есебінде тұрғанын және баспанаға мұқтаждар мәртебесін растау;
2) Бағдарламаның 3 кіші бөлігі, 1 тармағында көрсетілгендей баспананы сату шарттары бойынша, тиісті табысымен міндеттерді орындай алатын мүмкіндігін растау.
2015 жылдың 26 ақпанынан 6 наурызы аралығында баспанаға мұқтаждар есебінде тұрған келесідей санаттағы азаматтар: көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек баласы бар немесе асыраушы отбасылар, жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынан тыс қалған балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері, бюджет ұйымының қызметкерлері белгілі бір типтегі пәтерге өтініш және келесідей құжаттар береді:
1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке тұлғасын растайтын құжат;
2) некеге отыру (ажырасу) туралы, жұбайының қайтыс болғаны туралы, балалардың тууы туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде болмағаны туралы өтініш;
3) өтініш беруші мен онымен тұрақты өмір сүретін отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағында меншік құқығында  немесе сатып алу құқығымен жалға алынған баспананың бары немесе жоғы туралы анықтама;
4) өтініш беруші мен онымен бірге тұрақты өмір сүретін отбасы мүшелерінің елді мекен пунктінде тұратынын растайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мекен-жай анықтама;
5) өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтама (мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері, бюджет ұйымының қызметкерлері);
6) отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурудың ауыр түрімен науқастығын растайтын анықтама;
7) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте кезек нөмірін көрсетіп баспанаға мұқтаждар есебіне қойылғаны туралы мәлімет;
8) өтініш берушінің соңғы 6 айға табысын растайтын анықтама.
 Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу сатылатын пәтерлер мен пәтер типтерінің санына сәйкес келесі тәртіпте іріктеледі:
1) үміткерлерден өтініштер мен құжаттар қабылдау, өтініш берушілердің Бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексеру және баспанаға мұқтаждар есебінің тізіміне сәйкес және үміткерлердің алдын ала тізімін есепке қою мерзімін қалыптастыру және себебі бойынша бас тартылған өтініш берушілер тізімін жасау;
2) төлем қабілеттерін бағалауға жолдама алу үшін үміткерлердің алдын ала тізіміне қосылған өтініш берушілердің келгенін көрсетіп тізімдер мен хабарландыруды орналастыру.
Өтініш берушінің табысы расталмаған жағдайда, Бағдарламаның тиісті жолдамасына алдын ала берілген тізімнен басқалары іріктеледі.
3) Бағдарламаға қатысушылардың соңғы тізімі тұрғын үй комиссиясының шешімімен өтініш беруші мен оның жұбайының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіліп бекітіледі;
4) Бағдарламаның 7 кіші бөлігіне сәйкес Бағдарлама қатысушылары арасында баспаналарды үлестіру үшін «ҚИК» ИҰ» АҚ-ға бекітілген тізімдер жолдамасы және Бағдарламаға іріктелген қатысушылардың хабарламасы.

 

Құжаттар қабылданатын орын:
Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 139а, 212 бөлме, 2 қабат, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден
    18.30-ға дейін, үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.30-ға  дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі.
Байланыс телефондары: 25-11-13,  25-51-36, 25-11-48.

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар