Ардагердің үйінде болды

Облыстық мәслихаттың депутаты Анатолий Томилов бастаған Степногорск подшипник зауытының қызметкерлері  Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Блудшийдің үйіне арнайы барып, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Ардагер аталған зауытта еселі еңбек етіпті. Сондықтан, бұл жыл сайын өткізілетін игі дәстүрлердің бірі. Тіпті, қажет жағдайда  қызметкерлер ардагерге көмек көрсетіп, емханаға бару үшін көлік бөледі екен. Анатолий Томилов  ардагерді  Жеңіс мерекесімен құттықтап, оған қолдан келер көмекті  аямайтынын жеткізді. Соңында кәсіпорын қызметкерлері майдангерге азық-түлік, ақшалай сыйлық пен гүл шоғын тарту етті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар