Ардагерлер белсенді

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қарттар айлығына орай, Көкшетау қаласында ардагерлер арасында шахмат пен дойбыдан облыстық турнир өткізілді.
Жарысқа облыстың бес ауданынан жиырмадан астам ардагер спортшы қатысып, өнерлерін ортаға салды. Шахмат сайысында қарсыластарын түгел жеңген көкшетаулық Еркін Солтан бас жүлдені иеленсе, екінші орын бурабайлық  Виктор Антоновтың еншісіне тиді, ал, жүлделі үшінші орынды тағы бір көкшетаулық Сәкен Тәңірқұлов қанжығасына байлады.
Дойбыдан әйелдер арасындағы жарыста Людмила Гудина бас жүлдені жеңіп алды. Ерлер арасындағы кездесу өте тартысты өтті. Бірінші орынды ардагер журналист Сайлау Көшкенұлы еншіледі. Айта кету керек, ол бұрын облыстық, республикалық    жарыстарда талай мәрте топ жарған дойбыдан спорт шеберлігіне кандидат Анатолий Аставкин мен Иван Полинкевичті тізе бүктірді. Атақты дойбышылар бұл жарыста екінші және үшінші орынды қанағат тұтуға мәжбүр болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарысты ұйымдастырған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар