Ардагерлер сөзі – ұлағат

Ата Заңымыздың қабылданғанына 20 жыл толуына орай, облыс орталығында аға ұрпақ өкілдері мен жастардың әсерлі кездесуі болып өтті.

Бұл игі шараны облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі  басқарма мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұйымдастырды. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мағауия Рақымбергенов ашып, жүргізіп отырған жиында әр саланың ардагерлері сөз алып, жастарға еңбектің қадірі, патриотизм жайында өз өмірлерінен мысал келтіре отырып, әңгімелеп берді. Еңбек ардагері, екі рет Парламент Сенатының депутаты болған Қайролла Ескендіров «Биліктің бірден-бір бастауы – халық» тақырыбында ой өрбітсе, облыстық соттың ардагерлер ұйымының төрағасы Мейрам Ғибаділов сот пен заң алдында бәрі бірдей деген мәселеге тоқталды.
Сондай-ақ, қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы жайында түсірілген бейнефильмді тамашалап, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Ринат Галлямовтың және облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы Махаббат Бәпенованың азаматтардың құқықтары  Ата Заңымызбен қалай қорғалатыны, Конституцияның заңдық күші туралы жасаған баяндамаларынан да көптеген мағлұматтарға қанықты.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар