Арнайы басқарма құрылып отыр

Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландырып, жергілікті жерде осыған бақылауды күшейту мақсатында Ақмола облысында да жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы құрылған болатын. Басқарма 2015 жылдың ақпан айынан бастап өз жұмысына кірісті.

Жыл сайын экономиканың жүйелі өсуі, Астана қаласының қарқынды дамуы біздің облыста да жерге деген сұранысты күшейтіп отыр. Осы орайда, бір айта кетерлік жайт, ол «Жер туралы» Президент Жарлығынан бастап бүгінгі таңда «Жер Кодексіне» айналып отырған жерді реттеу заңдылығы да түрлі өзгерістерге ұшырады. Мемлекеттік меншіктегі жер қорлары жекеменшікке берілу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жер қатынастарының дамуына зор мүмкіндік туғызды. Нарық заңына сәйкес сұраныс күшейген сайын, тауар бағасы артып және оның тапшылығы сезілетіні анық. Осы үрдіс ең алдымен, ауыл шаруашылық жерлерінде сезіліп отыр.
Қолда бар ресми мәліметтерге қарағанда, облыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 10,5 миллион гектар болса, 2012-2014 жылдардағы түгендеуге (инвентаризация) сәйкес 1 миллион 110 мың 200 гектар ауыл шаруашылық жердің мақсатсыз пайдаланғаны анықталды. Жер заңнамасына сәйкес, тисті шаралар қолданудың арқасында оның 657500 гектарын қайта пайдалануға мүмкіндік туса, 243100 гектары сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды. Осы жылдың 6 айында 34764 гектар жер тексеріліп, 2992820 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, 49 шаруашылыққа ескерту жасалды.
Ауыл шаруашылығы жерлерін дұрыс және тиімді пайдалану үшін 2015 жылы Салық Кодексіне өзгеріс енгізілді. Осыған байланысты ауыл шаруашылық жерлерді дұрыс пайдаланбай отырған кәсіпкерлерге салық көлемі он есеге дейін көбейтілді. Мәселе жерді алып қоюда емес, оны дұрыс пайдалануда жатыр. Қазір облыс бойынша мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді, көптеген өңірлерде жайылымдық жерлердің жетіспеуі байқалады. Оның бірден-бір себебі, ауыл шаруашылық жерлерді иемденіп отырған кейбір шаруашылықтардың жайылымдық жерлерді дұрыс пайдаланбауынан деуге болады. Сол себепті, облыс бойынша бос жатқан ауыл шаруашылық жерлерді тексеріп, иелеріне дұрыс пайдалану жайында ескертіп жатырмыз. Егер оған құлақ аспай жатса, онда құжаттар салық басқармасына жіберіліп, осы жерлерге салық көлемі он есеге дейін көбейтіледі.
Кез-келген серіктестік пен шаруа қожалықтары игерілмей жатқан жерді өз еркімен мемлекетке қайтарып беруіне құқы бар. Мұндай қатаң шара жерді тиімді пайдалануға мүмкіндікті туғызады. Қайтарылған жерлер мемлекеттік жер қорына өтіп, кейін байқау арқылы егін және мал шаруашылығымен айналысам деген азаматтарға беріледі.
Ауылдағы мал басының 90 пайызға жуығы жеке адамдардың қолында. Сондықтан, шаруашылық басшылары олардың жер телімдерін пайдаланып отырғанын ескеруі керек. Мемлекеттік мекеменің басты міндеті заң аясында кәсіпкерлерге бизнесін кеңейтуге, сондай-ақ, өз кәсібін ашқан азаматтарға қосымша мүмкіндік жасау, яғни, игерілмей жатқан ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану болып табылады.

Нариман ТӨЛЕПОВ,
Ақмола облысының жердің
пайдаланылуы мен қорғалуын
бақылау басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар