Қаржы заңдары бұзылмасын

Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы Шортанды және Целиноград аудандарында қолданыстағы қаржы заңдарын бұзушылықтың алдын алу және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында семинар өткізді.

Оған жүзден астам қаржы саласының мамандары қатысты. Семинар-кеңесті облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Мереке Мұстафин ашып, жүргізді. Тексеру комиссиясының аудит бөлімінің басшысы А.Ібікенов пен жоспарлау, талдау және есеп бөлімінің басшысы Ж.Тоқышев қолданыстағы заң шеңберінде қаржы бақылау жұмыстары жайында айтып берді. Семинарда мемлекеттік мекемелерде бюджетті жоспарлау, бухгалтерлік есеп, активтерді пайдалану жайында әңгіме өрбіді. Сұрақ-жауап түрінде өткізілген семинар барысында жергілікті мамандар өздерін толғандыратын көптеген сауалдарға толымды жауаптар алды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар