Астық терминалын салғылары келеді

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Ресейде және шет елдерде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме саудасымен айналысатын «Скай» ашық акционерлік қоғамы компаниясының басшысы М.Васинкевичпен кездесті.

Кездесу барысында облыс әкімі Ақмола облысының Қазақстандағы әлемде аса жоғары бағаланатын астықтың төрттен бірін өндіретін ірі агроөнеркәсіп аймақ екендігін айтып өтті. Облыс жыл сайын екі миллион тоннадан астам астықты 32 алыс және жақын шет елдерге экспортқа шығарады. Таяуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен болған кезінде өңірдің алдына бірқатар міндеттер қойды. Елбасы ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту керектігі туралы айтып өтті.
– Ақмола облысының инвестиция тартуға зор мүмкіндігі бар әрі әріптестік аясын кеңейту барысында ұсыныстарды қарауға дайын. Оның үстіне біздің облыс астаналық аймақ болғаннан кейін Елорданың сауда сөрелерін ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр, – деді облыс әкімі.
Өз кезегінде ресейлік компания басшысы Михаил Васинкевич өзі басшылық жасайтын ұжымның Иранға және Жерорта теңізінің он бес елімен астық экспорттау жөнінде әріптес екендігін айтып өтті. Ол Ақмола облысында астық өнімдерін тереңдей өңдейтін терминал құрылыстарын салып, 500 мыңнан
1 миллион тоннаға дейінгі көлемдегі астықты ауыл шаруашылығы өндірушілерінен сатып ала алатындығын және дәнді дақылдарды өсіруге инвестиция құюға әзір екендігін білдірді.
– Біз үшін ең бастысы, астықтың сапасы. Қазіргі күні тұтынушылар экологиялық таза өнімді талап етеді. Ал, сіздердің өңірлеріңіздегі астықтың сапасы өте жақсы,–деді Михаил Васинкевич.
Кездесу соңында тараптар ет және сүт өнімдерін өңдеу бағыты бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыруға арналған әріптестік аясындағы мәселелерді талқылады.      
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар