Ата Заңның ізгі мұраты

Достық үйінде облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстел Ата Заңымыз Қазақстан халқы бірлігінің кепілі екендігін тағы бір мәрте паш етті.

Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі Қазақстанның жетістіктері мен табыстарын паш етіп, бірегейлік пен бірлікті нығайту, халқымыздың атадан балаға мирас болып, дамып отыратын тарихи-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық салт-санамызды дәріптеп, таныту арқылы ғана биіктерді бағындыра алатындығымызды айта келіп, Конституциямыздың мән-маңызына тоқталды. «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов жастарға тәуелсіздіктің қалай келгені, Конституция қалай қабылданғаны, Елбасының ерен еңбектері мен басқа мемлекеттердің сол тұстағы бізге деген көзқарастары туралы жан-жақты, танымдық тұрғыдан әсерлі түрде баяндап берді.
Сондай-ақ, іс-шараға облыс орталығындағы этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері мен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қатысты.
Аталған шара барысында жастар арасында  патриотизмді насихаттап, олардың туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, ұлттық орталықтар мен этно-мәдени бірлестіктерінің жұмыстарымен таныстыру үшін арнайы түсірілген қысқа метражды бейнефильмдер тамашаланды.
Дөңгелек үстел басына жиналған облыс орталығындағы этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, Қазақстан деген ортақ шаңырақ астында бірлікті ту етіп, көк аспанның астында тату-тәтті өмір сүріп жатқандықтарына, Елбасының салиқалы саясатына ризашылықтарын білдіріп, тарихтың түрлі соқпақтарына қарамастан, осындай елде тұрып жатқандықтарына мақтанатындықтарын шын көңілдерімен жеткізді.
Бұдан соң жиналғандар Достық үйіне экскурсия жасап, «Бірыңғай ұлт болашағы» фотокөрмесін тамашалады.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар