Ата Заңның құндылығы

Шын мәнісінде, Конституция халықтың жалпы еркін білдіретін, аса жоғары заңдық күшке ие әрі қоғамның маңызды принциптері мен әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси әрі рухани-адамгершілік өмір институттарын нығайтуға қабілетті заң болып табылады. Әрі ол күрделі тарихи, әлеуметтік және заңды құбылыс ретінде сипатталады.
Біздің елімізде Конституцияға сәйкес заңдарды халықтың атынан мемлекеттік өкіметтің жоғарғы өкілетті органы қабылдай алады. Қазақстанда жаңа Конституцияны әзірлеп, қабылдауға негізінен мына төмендегі жәйттер себеп болғандығын еске сала кеткіміз келеді. Біріншіден бұған еліміздегі 80-ші жылдардың аяғындағы, 90-шы жылдардың басындағы принципті өзгерістер, яғни, ел тәуелсіздігі әсер етті.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы – принципті түрде жаңа саяси заңдық құжат екендігі даусыз. Оның жаңашылдығы ең алдымен, принциптерінен де көрінеді. Ол халықтық өкімет және халықтық суверенитет, құқықтық мемлекет, адам мен адамзаттың табиғи және ажырамас құқықтары, унитаризм және ерікті ұлттық даму, халықтар мен мемлекеттер арасында бейбіт өмірді нығайту, халықаралық құқық принциптері мен нормаларын сақтау, қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, қазақстандық патриотизм, тағы сол сияқтылар.
Тағы бір жаңашылдық – Конституция ережелері жеке адамның конституциялық мәртебесін анықтауымен ерекшеленеді. Яғни, барлық азаматтар шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсілі мен жынысына, ұлты мен тіліне, дінге, сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе басқа ерекшеліктеріне қарамастан, толық заңдық теңдікке ие екендігі атап көрсетілген. Сондай-ақ, белгіленген ережеге сәйкес республика азаматын қандайда бір жағдайда болсын азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, Қазақстаннан тысқары жерлерге қоныс аударуын шектеуге, оларды күштеп жұмыс істетуге болмайды.
Айта берсек, ел Конституциясында бұдан басқа да артықшылықтар мен ТМД республикаларына қарағанда өзге де басымдықтар баршылық. Сондықтан, күнделікті өміріміздің басты заңы ретінде біздің әрқайсымыз оны құрметтей әрі қастерлей білгеніміз жөн.
Талғат ӘЛМАҒАМБЕТОВ,
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Ақмола облысы бойынша Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының бастығы, аға әділет кеңесшісі.                                                                      

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар