Қатарлары сиреп қалды

Жаңа жылдың қарсаңында зеренділіктер де саусақпен санарлықтай ғана қалған майдангерлерді құттықтады.

Аудан әкімінің орынбасары Райхан Ғабдуллина Мемлекет басшысының атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қабдырашит Рақымжанов пен Иван Ляминге Елбасы жолдаған Жаңа жылдық құттықтау хаттары мен сыйлықтарды салтанатты жағдайда табыс етті. Ал, ардагерлер өз тарапынан мемлекет басшысына осы қамқорлығы үшін ризашылықтарын білдірді. 
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар