Ауданның жастар орталығында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты поэзиялық әдеби-сазды кеш болып өтті.

 «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

Аудандық тілдерді оқыту орталығы мен Аршалы ауданының №3 орта мектебінің мұрындық болуымен өткен кеште мектептің шығармашыл оқушылары ақиық ақынның сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жырларын тебірене оқып, оның өлеңдеріне жазылған  әндерін орындады.

Атап айтқанда, мектеп оқушыларынан құралған «Айдан ару» триосы «Саржайлау», Дастан Хасенов «Есіңе мені алғайсың», Жанат Аманғалиев «Иіскейін», Айдана Сембиева «Туған ел» әндерін нақышына келтіре шырқап, жиналған қауымның көңіл хошын келтірді. Сонымен қатар, оқушылар ақынның «Менің анкетам» туындысын театрландырылған қойылым түрінде ұсынып, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.  Ақын шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерін өз жүректерінен шығарған арнау өлеңдерін оқумен жалғастырған жастардың туындыларынан поэзияға деген шынайы сезімдері көрініп-ақ тұрды. Сондай-ақ, бұл кеште ақиық ақынның өз дауысымен жазылып сақталған аудиожазбалардағы өлеңдері тыңдалды. Арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесі, ақын шығармалары мен өмірбаянынан сыр шертетін слайд-шоу жиналғандардың тарапынан оң бағаға ие болды.  

Руслан МАХАНОВ,
аудандық тілдерді оқыту
орталығының директоры.

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар