Ауыл әкімдері жаңа көлік мінді

Аудан әкімі  Асқар Қиықов  ауылдық округтердің  әкімдеріне алты жеңіл көліктің кілтін табыс етті.

«Ауыл – алтын бесік» дегенді жиі айтамыз. Мұның өзі ұлттық бітім-болмысымыздың түп-төркіні ауылдан бастау алатынын аңғартса керек. Елімізде ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтар  аз емес.
Таяуда Баймырза, Уәлихан, Заурал, Ақсу,  Мамай және Бірсуат ауылдық округтерінің әкімдеріне  «Азия авто» зауыты шығарған жаңа «Нива» қызмет көліктері  берілді.  Салтанатты шарада аудан  әкімі жаңа көлікке ие болған әкімдерге бұл көліктердің  ауыл тұрғындарының  қарбалас тіршілігінің неғұрлым оң шешілуіне игі  ықпал ету  ниетінде беріліп отырғандығын баса атап көрсетті.   
Баймырза ауылдық округінің әкімі Руслан Измайлов   енді жаңа көлік өз жұмыстарын  жеңілдете түсетінін  айтып,   ауыл әкімдері өздеріне жүктелген міндеттерді  жауапкершілікпен атқаратын болады деп сендірді.
          
 Қуаныш  НҰРҚҰШЕВА.

Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар