Ауыл мектебіне көмек

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орта мектептерге қамқорлық жасау дәстүрі қалыптасып келеді. Соның бір жарқын көрінісі университеттің Қорғалжын ауданындағы  Дружба орта мектебіне роботтық технологияны тарту етуі болды.

Бұл тарту Елбасы Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына жолдаған  «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының рухында орындалды. Университеттің проректоры Диқан Қамзабекұлы, саясаттану ғылымдарының  докторы, профессор Нәубет Қалиев, филология ғылымдарының  докторы, профессор Серік Негимов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл  Артықбаев, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Әбдіраш  Ақылбеков, филология ғылымдарының  докторы, профессор Жантас  Жақыпов  мектеп ұжымы мен ата-аналарға және оқушыларына аталмыш Жолдау жайлы айтып, олармен бірге талқылады. Нәубет  Қалиев Жолдаудың  мазмұнын, оның бүгінгі Қазақстан үшін маңыздылығын талдап,  түсіндірсе, Жантас Жақыпов бұл сапардың Президент Жолдауындағы бірінші басымдық экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуындағы бір сала роботтандыру ісімен және төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту жолындағы «Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет» тәрізді мақсаттармен үйлесетіндігін тілге тиек етті.
Бұдан соң мектеп ұжымы мен оқушылар келген қонақтарға көрсетілген қамқорлық үшін алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін айтты. Жиын соңында роботтық технологияларды  таныстыру рәсімі  өткізілді.
Жантас АЛТАЙҰЛЫ,
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар