Ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлініп отыр

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі халыққа арналған Жолдауын жариялады. Биылғы Жолдаудың бұрынғылардан ерекшелігі – оның елімізді, қоғамымызды дамытуға қосатын зор үлесінде.

Елбасы атап өткендей, еліміздің бірінші жаңғыру кезеңі Тәуелсіздікті алған жылдардан басталады. Экономикамыздың нарыққа көшіп, жоспарлы экономикалық кезеңнен шығып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрылды.
Жаңғыруымыздың екінші кезеңі «Қазақстан – 2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа Елорда – Астана қаласының салынуымен ерекшеленеді.
Осы жетістіктердің барлығы ширек ғасырдың ішінде іске асып отыр. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылды, әлемдік қауымдастықта өзінің беделді орнын тапты. Биыл Астанада өткізілетін «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі мен Алматыда өтіп жатқан Дүниежүзілік ХХVІІІ қысқы Универсиада – 2017 спорт ойындары осының айқын дәлелі.   
«Табысты өткен екі жаңғыру арқылы көп тәжірибе жинақтадық. Енді, үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз», – деп ерекше атап өтті ел Президенті. Және осы үшінші жаңғыру кезеңінің жолдарын айқындап берді. Ондағы мақсат – экономикамызды жаңа жағдайға, әлемдік бәсекелестікке бейімдеу. Осының арқасында Қазақ елі 30 озық елдің қатарына қосылады. Ол үшін, дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру керектігі көзделген. Олар өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және логис-тика, құрылыс секторлары болып табылады. Осы салалардың еңбек өнімділігін арттырып, төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізу арқылы алға басуға болады.
Сонымен қатар, үшінші жаңғыру кезеңінде бізге экономиканың технологиялық жаңаруына және инновациялық салаға бар күш-қуатымызды салу керек. Ал, жаңа индус-триялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады.
Шағын және орта бизнесті дамыту, 2050 жылға дейін кәсіпкерліктің өнімін ішкі жалпы өнімге шаққанда 50 пайызға жеткізу, осы арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, адами капиталымызды дамыту – өркениетті елдермен бәсекелестікті арттыра түспек. Әлеуметтік саланы дамытып, жұмыссыздықты азайтып, халқымызды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етіп, зейнетақы мен балаға төленетін жәрдемақыны еселеп көбейтіп, қоғамымызды болашақта алға ұмтылдыру – мұның барлығы қазіргі заманға сай қажеттіліктерден туындап отыр. Аталған барлық мәселелер бойынша Елбасы Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға – әкімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесі Қазақстанның әр азаматына қатысты. Себебі, үшінші жарғыртуды барша қазақстандықтардың адал ісімен, еңбекқорлығымен және жауапкершілігімен тығыз байланыстыра отырып, жүзеге асыруға болады.

 Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ,
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар