Ауыл тарихынан сыр шертеді

Мәлік Ғабдуллин музейінде Бурабай ауданындағы Первомай орта мектебінің   «Ауылым – алтын  тұғырым»   атты көрмесі ұйымдастырылды.

Ел тәуелсіздігінің мерейтойы шеңберінде ұйымдастырылған көрме ауылдың өткені мен бүгінгісін паш етеді. Ауыл көрмесінің ашылу салтанатында  Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек тәуелсіздігіміздің арқасында қайта жаңғыртылған тіліміз бен дәстүрімізді, тарихымызды бүгінгі ұрпаққа насихаттаудың, бабаларымыз аңсаған азаттықтың қадірін түсіндірудің маңыздылығын айта келе, тарихын өткен ғасырдан алатын іргелі ауылдың ежелгі атауы – Обалыны қайта қалпына келтіру қажеттігін айтты. Кеңес заманында негізсіз өзгертулерге ұшыраған елді мекендер мен жер-су атауларын қалпына келтіру бағытында әлі біраз жұмыстар жүргізу керек.
Облыс орталығында осы көрмені ұйымдастырған Первомай орта мектебінің директоры  Жасұлан Шаяхметов оған қажетті  мұрағаттарды жинауға мектеп ұжымы ғана емес, ауыл тұрғындары да белсене атсалысқанын айтып, ауылдың атын облысқа тарататын осындай шараны ұйымдастыруға мұрындық болған Мәлік Ғабдуллин
музейі басшылығына алғысын білдірді.
«Ауыл мектебі», «Тыл ардагерлері», «Ер есімі ел есінде», «Ауылым, алтын тұғырым» деп аталатын бөлімдерден тұратын көрме ауыл өмірі мен тарихынан толыққанды деректер береді. Шара барысында Первомай мектебінің оқушылары ән салып, би билеп келушілерге өз өнерлерін ұсынды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар