Ауылдың жағдайын ойлаған

Ауданымызда Қызыл Қазақстан   атты  шағын   ауыл орналасқан. Қазіргі  кезде   мұнда жетпіске жуық отбасы бар.  Соңғы  екі  жылда  Шаңтөбе  кенті  жабылғаннан  кейін, он отбасы  Астанаға  көшіп  кетті. Осы уақытқа дейін  аудан басшылығына  кімдер  келіп, кімдер  кетпеді.  Аудан  бойынша   екі  қазақ  ауылының біріміз.

Міне,  сол  әкімдердің   біреуі де   осы  ауылға  келіп,  халықтың   әл-ауқаты, тұрмысы  қалай  деп  бастарын  ауыртпады. Соңғы екі  жылда  халық  көшіп,  ауыл  іргесі  сөгіледі  деген  қорқыныш  туа  бастаған  кезде,  аудан  басшысы  ауысты  деген  сөзді  естісек те,  баяғы  белгілі жағдай ғой деп  ойладық та  қойдық.
Ауданға   жаңа әкім  Ербол  Болатұлы Сағдиев келіп,  елді  аралап  жүр  деген  сөзді  естігенше  болған  жоқ, Қызыл  Қазақстан  ауылына да  келіп  жетті. Ауылға  келе  сала,  қарттардан  кешегі  көрген  кісідей  жағдайын  сұрап,  мектепті  аралап, Кеңес  Одағы  кезінде  салынған  мәдениет  үйінің  жабылғанын өз  көзімен  көріп, шаң-тозаң  демей, шатырға баспалдақпен  шығып, күрделі  жөндеу  керек  деген  сөзді  айтып аттанып кетті. Келесі  келгенінде  халықты  жинап,  шешілмей  жатқан  мәселелерді  білгеннен  кейін, ауыл  көшесін  жарықтандырып,  жолды  жөндеп, мектепке   «БМК» жылу  жүйесін орнатып, ауылды  көгалдандыру жұмыстарын қолға алып, мәдениет  үйіне  күрделі  жөндеу  жүргізіп,    екі  ай  ішінде салтанатты  түрде  ашып,  жастар  бос  уақытын  тиімді  түрде   пайдалансын  деген тілегін  айтты.
Осы күні немерелерім  коньки, шаңғы  теуіп  жүргенін  көріп  қуанамын. Аудандық білім бөлімінің  бастамасымен жасалған  мұз алаңы балалардың өсіп-жетілуіне, дені сау  болып  өсуіне  септігін  тигізеді. Мектебіміз  заман  талабына  сай физика,  химия  кабинеттерімен  жабдықталған. Ауыл  мектебінде   оқушылар  қазақ  күресімен  айналысады. Қазақ күресі елімізде дамып, республикалық, әлемдік деңгейге енді ғана қадам басқан спорт түрі. Данияр деген жігітіміз кейінгі өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі етер балуан, әрі ауылымыздың мақтанышы. 2012 жылы сәуірдің 17-22 жұлдызы аралығында Бразилия елінің Сан-Пауло қаласында «Қазақ күресінен» жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатынан ІІІ жүлделі орын алып, қола медальды кеудесіне тағып оралды.  Міне,  осындай  жасөспірімдердің  қазақ  күресін  дамытуы  үшін аудан басшысының  спорт залын  салып  беремін  деген  жоспары  орындалар күн де жақын  деп  ойлаймын. Қысты күні  боран-шашын  болғанда    жолдың   тазалануын   үнемі  басшылыққа  алуды  естен  шығарған  емес. Ауыл  тұрғындарына  «Даму»  бағдарламасын    түсіндіріп,  өзі  басшылыққа  келгеннен  бас-тап  шағын  кәсіпкерлерді  қолдап,  жұмыспен  қамтуда.  
Бір  жыл  ішінде  қаншама  жақсы  игі  істер  атқарғаны  іскерлігін  көрсетіп,  елдің  сенімін арттыра  білді. Өзі  қойған  талабын  орындату, сонымен  қатар,  елді  еңбекқорлыққа  жетелеп,  қарапайым  халықтың  еңбекақысының  дұрыс  төленуін  жүйелеп  отыратын  әкімдер  болса, онда  елімізде  әл-ауқаты  төмен  отбасы  саны да азаяр  еді. Бұл орайда, Ербол  Сағдиевті Елбасымыздың  саясатын  қолдаушы,  ең  бас-тысы, еліміздің рухын көтеріп, ұлы мақсаттарға бастайтын «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын  дамытушы  тұлға деп айта  аламын. Ауыл  тұрғындары  атынан ауданымыздың әкіміне  денінің  саулығын  тілеп, еңбегі жемісті болып,  елдің   ризашылығы мен алғысына  бөлене  беріңіз  демекпін.

Қуандық МАҒЗҰМОВ,
зейнеткер.   
Қызыл  Қазақстан   ауылы,
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар