«Аяз ата келіңіз, бізге кәмпит беріңіз!»

«Көкшетау»  мәдениет сарайында ішкі істер қызметкерлерінің балаларына арналған  жаңа жылдық кеш өткізілді.

«Ескі жылда  есірке, жаңа жыл жарылқа» деп әр жылдан жақсылық күтетін халықпыз.  Әсіресе, балалар осы мерекені  асыға күтіп, үлкен қуанышқа кенеледі. Ішкі істер қызметкерлерінің  арналған  мерекелік кеш ертегілер еліне саяхаттан басталды. Мәдениет сарайының  шығармашылық ұжымы әртүрлі мультфильм кейіпкерлерінің рөлін  сомдаса, балдырғандар Аяз ата мен Ақшақарға өлең шумақтарын оқып беріп, ән салып, би биледі.  
Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, полиция майоры Аягөз Қалиева  «Адам жақсылықты  ең алдымен балаға жасауы керек»,  –  дей келе, балаларға арнап жыл сайын осындай  жаңа жылдық шырша ұйымдастыру дәстүрге айналғандығын атап өтті.  
  Жаңа жыл қарсаңында ішкі істер органдарында қызмет ететін отбасының 1324 баласы  жаңа жылдық шараға қатысып, Аяз ата қолынан сыйлықтар алды.

Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар