Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» жобасы бойынша үстіміздегі жылы атқарылған жұмысты қорытындылаған жиын өткізді.

 

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Жиынды Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова  ашып,  жүргізіп отырды. 

 

Бала – болашағымыз десек, оның тәрбиесіне  әрбір ата-ана  жауапты және олар тәлімді тәрбиені  жас кезінде мықтап қолға алулары қажет.  Асылында қыз баланың  бо-йына ізеттілік пен имандылық  сияқты  асыл қасиеттерді бала   күнінен сіңіру  керектігі  жиын  барысында көбірек айтылды.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы  хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова  өз сөзінде тәрбиенің түп тамыры – отбасы екенін тағы бір еске сала келе, қыз баланы   тәрбиелей отырып,  ұлтымызды тәрбиелейтіндіктен,  мұның өзі мемлекеттік маңызы бар келелі мәселе екендігіне тоқталды. Бүгінде ұлттық үрдісті жаңғырту мақсатында Аналар кеңесі   жан-жақты жұмыс істеуде.  Облыс орталығындағы  №6 «Нұрай» балабақшасындағы «Шаңырақ» ата-аналар клубы,  №17 орта мектебіндегі  «Мәншүк» қыздар клубы  және  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіндегі «Айғаным» клубтарының тәлімді тәрбие жұмыстары жайлы сол клубтардың жетекшілері жан-жақты баяндап берді. Бір айта кетерлігі, Көкшетау қаласының кейбір білім ошақтарында Әкелер кеңесі де  жұмыс істеп, балалардың тәрбиесін қолға алуда.     
Облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының:  «Мен үш нәрседен қорқамын, біріншісі –  баласына бесік жырын айтпаған анадан, екіншісі – ертегі айтпаған әжеден, үшіншісі – бір-бірімен қазақша сөйлеспеген қазақтардан», –  деген ұлағатты сөзін тағы бір еске сала келе өскелең ұрпақтың бойындағы кейбір олқылықтарды түзету аға буынның, әке мен ананың тікелей міндеті екенін баса айтты.   Сондай-ақ, қыз тәрбиесіне ана ғана емес, әке де жауапты екенін ескеріп, қоғамда әкелердің де рөлін арттыру қажеттілігіне  тоқталды.  
Отырыс соңында ұрпақ тәрбиесіне маңызды мән беріп, осы бағытта жұмыс жүргізіп жатқан, айтарлықтай жетістікке жеткен ұжымдар өзгеге өнеге ретінде  марапатталды.  

Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар