Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Елордада қос Палатаның депутаттары ел өміріндегі маңызды құжат – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларация-сын қабылдады. Бүгінде ол қызу талқыланып, халықтың көзқарасы мен пікірл

Күшіміз бірлікте 

Осы орайда, мен де өзімнің азаматтық жеке пікірімді айтуды жөн көріп отырмын.
Тәуелсіздік біздің мемлекетімізге оңай келген жоқ. Ғасырлар бойы армандап, аңсаған егемендікке, азаттыққа өткен ғасырдың соңында ғана қол жеткіздік. Уақыт деген алға жылжып, оған да міне, 25 жылдың жүзі толды. Ең алдымен, атқарылған негізгі жұмыс – мемлекеттің Конституциясы қабылданды. Мемлекеттігіміздің басты нышандары – рәміздеріміз белгіленді. Олимпиадаларда спортшыларымыздың көк Туымызды желбіретіп, қасқайып Әнұранды шырқаған сәтте әрбір қазақстандық азаматтың жүрегі елжіреп, көкірегін мақтаныш сезімі кернейді.
Ширек ғасыр ішінде еліміз экономикалық-әлеуметтік даму барысында талай қиыншылықтар мен ауыртпалықтарды бастан кешірсе де, осы бір қысқа мерзімде бас қала – әсем Елорда тұрғызылып, өміріміздің барлық жақтарын реттейтін заңдар мен заңнамалар қабылданып, мемлекет игілігі үшін түрлі салаларда реформалар жүзеге асырылды. Мемлекеттің экономикалық жағдайын жақсарту үшін шетелдерден айтарлықтай инвестициялар тартылып, шағын және орта бизнесті дамыту үстінде. Осындай игі бастамалар мен жетістіктердің барлығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Елбасының сындарлы саясатының, парасат-пайымының, мықты идеологиясының жемісі.  Елбасының табандылығының арқасында қарусыз әлем құру мәселесі сәл де болса әлемде шешім тауып келеді. Бізде Семей полигоны жабылып, жүздеген ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақ астында шат-шадымен күн кешіп жатыр.
Меніңше, ел тәуелсіздігінің
жиырма бес жылы ішінде жүздеген жылдық дамуды еңсердік. Сол кезеңнің әр жылы айрықша, әр жылдың жетістігі ғасырлар жүгін көтеріп тұрғандай көрінеді. Тәуелсіздікке қол жеткен бүгінгі дәуірде халқымыздың, осында тұрып жатқан ұлттардың рухы көтерілді. «Біз қазақстандықтармыз!» деп әлем елдерінің алдында мақтанышпен айта аламыз. Қазақстан әлемдік мінберде өзінің бейбітшіл саясатын жүргізіп, континенттердің тағдырын шешетін дамыған мемлекеттердің қатарынан өз орнын алуда. Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Еуразиялық экономикалық одақты әлем тарихында ғасыр құбылысы деп танып отыр.
Күні кеше декларацияда көтерілген «Тәуелсіздік» монументі мен Ата Заңға енгізілетін өзгертулер туралы ұсыныстарды халықтың басым көпшілігі қолдап жатыр. Мұның өзі еліміздегі татулық пен бірліктің, сенімнің айқын көрінісі.

Рафаил СУЛЬКАРНАЕВ,
Көкшетау қаласының
«Татар мәдениеті орталығы»
қоғамдық бірлестігінің  төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар