Азаматтардың өтініш- тілектері тыңдалды

Облыс әкімі Сергей Кулагин бірқатар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауда облыстық мәслихаттың депутаты, «Сұңқар» сауықтыру кешенінің директоры Қайрат Сұлтанов, зейнеткер Бақыт Хасенова, Назарбаев интеллектуалдық мектебінің директоры Зүлфия Оразбекова, республикалық «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер және жалпы футбол федерациясы департаментінің директоры Болат Есмағамбетов болды.
Өңір басшысымен кездесуде жастарды еңбекке орналастыруға, Назарбаев интеллектуалдық мектебінің қызметіне, сондай-ақ, балалар спорты мен туризмді дамытуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Сұлтанов облыс басшысына балалар туризмін дамытуға қатысты өз ой-пікірлерін айтты. Қазіргі күні облыс аумағында орналасқан 27 балаларды сауықтыру кешенінің 19-ы ғана жұмыс істеп тұр екен. Кездесу барысында ол  алдағы жылдары балалардың демалыс лагерьлерінің санын көбейту жөніндегі ұсынысын білдірді.
Сондай-ақ, Қайрат Сұлтанов «Сұңқар» сауықтыру кешенінің жұмысы жайында да айтып берді. Қазір мұнда жазғы демалыс маусымы аяқталған. Биыл жазда кешенде облысымыздан бөлек, еліміздің батыс аймақтарынан, тіпті, іргелес Ресей елінен келген 1800-ден астам бала демалып, денсаулықтарын нығайтқан.
Облыстық мәслихаттың депутаты сонымен бірге, Зеренді ауданының Игілік ауылындағы орта мектепке 18 миллион теңге қаржы бөлгізіп, жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал еткендігі үшін өңір басшысына ауыл тұрғындары атынан алғысын айтты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар