Бұл жаңа қадамның да жемісін көреміз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын биыл баспасөз беттерінде жариялады. «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты маңызды құжатта алдымызға көптеген міндеттер қойылып отыр.

 

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауында еліміздің үшінші рет жаңғыруы жолында алға қойылған міндеттерді тайға таңба басқандай анық та айшықты көрсеткен. Яғни, үшінші жаңғыру – «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыру «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы үшін Кеңес үкіметінің уысынан босап шығып, мемлекетті аяғынан тік тұрғызуға жұмсаған жылдар алғашқы жаңғыру кезеңі болып табылады. Онда біз жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көштік. Бұл жылдарды ешбір ауыртпалықсыз, қиындықсыз, дағдарыссыз өткердік деп айта алмаймыз. Белгіленген мақсат-міндеттерді жүзеге асыра отырып, оны да еңсердік. Жаңа мемлекетіміздің жаңа Астанасын салдық. Елбасы айтып өткендей, екінші жаңғыруда «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыруды қолға алдық. Әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылдық. Енді міне, «Қазақстан-2050» бағдарламасындағы мақсат-міндеттер мен бізге жүктеген тапсырмаларды Елбасы көздегендей жүзеге асыратын болсақ, дамыған отыз мемлекеттің қатарынан көрінетініміз сөзсіз. Осы орайда, ол заманауи талаптарға сай, экономикасы бізден ілгері мемлекеттердің тәжірибесінде бұрыннан бар цифрлық, электрондық, роботтық техникаларды қолдануды тапсырып отыр. Тіпті, Үкіметке «Цифр-лы Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Оны құрып, іске қосу азаматтардың уақытын үнемдеуге аса пайдалы болмақ.
Елбасы маңызды құжатта аграрлық секторды дамытуға да көп көңіл бөліп отыр. Өйткені, аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Егер ол өз мүмкіндіктерін пайдаланатын болса, онда біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің қатарында болатынымыз сөзсіз. Мұны Жолдауда
Президент Нұрсұлтан Назарбаев дөп басып көрсеткен. «Қазақстандық өнім» бренді де экологиялық таза өнімдердің эталоны болатынына сенім зор. Біздің елде астықты аймақтар жетерлік. Оларды өңдейтін өнеркәсіп кешендері де қазіргі заманға сай өңдеу құралдарымен, техникаларымен толық қамтамасыз етілген. Бүгіннің өзінде біздің астық өнімдерімізді шет мемлекеттер тапсырыспен алуда. Осы орайда, Елбасы жүктеген міндеттерді дер кезінде және сапалы орындайтын болсақ, онда біз астық өнімдері бойынша Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болатынымыз сөзсіз. Сөйтіп, агросекторды дамыту нәтижесінде экономикамыз біраз ілгері  жылжып, халықтың әл-ауқаты одан әрі жақсара түседі.
Иван САУЭР,
«Родина» агрофирмасы»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар