Бұқпада сенбілік өткізді

«Нұр Отан» партиясы жанындағы   «Жас Отан» жастар қанатының Көкшетау қалалық филиалы «Таза мекен» республикалық экологиялық науқаны аясында шара  өткізді.

Оған көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжіндегі жас отандықтар, «Феникс» еріктілер орталығының белсенділері мен «Жасыл ел» жасағының мүшелері қатысты. Науқан мақсаты жастарды экологиялық мәдениетке баулу, әрі оларға қоршаған  ортаны сақтау жауапкершілігін сөз жүзінде емес, қалалық саябақтарда экологиялық сенбіліктер өткізу арқылы үйрету болып табылады.
Бұл күні Бұқпа тауын  қоқыстан тазартуға 60-тан астам белсенді жастар қатысты. Жоғарыдағы колледждің «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі Мәдина Қайыржанова шараның нәтижелі болғанын айтып, жастар арасында осындай істер  арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға болатынын тілге тиек етті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар